12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қолыңнан бәрі келеді

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде суицидтің алдын алу мен зардаптарын азайту және одан әрі туындау ықтималдығын азайту мақсатында суицидке бейім адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту мақсатында психологиялық іс-шара өткізілді.

Бұл іс-шарада сотталғандар алдымен дәрістер тыңдады. Сонан соң, «Конфликт дегеніміз не? «Қақтығысты шешу жолдары» деген тақырыпта пікірталасқа түсіп, өз ойларын білдірді.

«Өмір тепе-теңдігі дөңгелегі» «Ескі тасталған дүкен» деген тренингтерге қатысып, өткен өмірінен сыр бөлісті, өмірлік мәселелерді шешу жолдарын іздестірді, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын алды.

Сондай- ақ, олар өздерінің басқалармен қақтығыстарының себептерін түсінді және жанжалды жағдайларды шешудің қолайлы жолдарын таңдады, өмірдің әлсіз және күшті жақтарын анықтады. Бүгінгі өткізілген іс-шара соңында сотталғандармен арт-терапевтік әдіс – тестопластика (қатты қамырды қолдану) ны қолдандық. Сотталғандар қамырдың көмегімен өзінің шығармашылық бейімділігін аша алды.

Бұл іс-әрекет қатысушыларға қатты ұнады. Өйткені, жұмсақ дене қолға жағымды әсер беріп, шығармашылық шабыт сыйлады.Әртүрлі мүсіндер жасау, олардың алаңдаушылық деңгейін төмендетеді, жағымсыз эмоцияларды тастауға көмектеседі және өзгеруге болатын ой туындатады. Қолдарындағы бүтін денеден, яғни бастапқы қатты күйдегі затты илеп, жұмсартып, әртүрлі мүсіндер жасап шықты.

Жазасын өтеушілер өз жасаған туындыларына қарап разы болды. Ал мен оларға «Бәрі өз қолыңызда! Сізге сәйкес келмейтін нәрсені өзгертуге болады. Оны алыңыз және жасаңыз! Ал сен жетістікке жетесің!»

Сенің қолыңнан бәрі келеді деген оймен қорытындыладым — дейді мекеме психологы Айбек Орынбаев. Шынында да,сотталғандар қолынан жасалған мүсіндер тамаша болып шықты. Жасалған мүсіндерін әртүрлі боулармен әрлеп, көркемдеп,әр дүниеге жан бітірді.

Өздерінің қолдарынан бәрі келетініне сенімді болған сотталғандардың көңіл-күйлері көтеріліп, өткізілген іс-шарадан соң, біраз серпіліп қалды.

Жасаған заттарының нәтижиесі, оларға сенімділік сыйлады.

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...