Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа әуежайда су жаңа көлік сыйланды

Бүгін Париж олимпиадасында ел намысын қорғап, Қазақстан қоржынына алтын мен күміс түсірген Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды. Оларды қазақстандықтар Алматы әуежайында қарсы алды. Онда дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Өте тамаша атмосфера. Әрине, Олимпиада ойындарының алдын аламын деп барғанмын, бірақ қолдан келгенді салдым. Бұйырғаны қола болды. Бәрі жақсы болды. Барша қазақ еліне алғысымды білдіргім келеді», — деді спортшы. 

Автокөлікті Алматы қаласы дзюдо федерациясы Али Хамхоев пен Ержан Зайдинов сыйлаған. Оның маркасы — Toyota. 

Бұл көліктің нарықтағы бағасы 40 миллион теңгеге дейін барады. 

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.