Олимпиада: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев финалға өтті

Бүгін Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрлік қашықтықта Абзал Әжіғалиев финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалда Әжғалиев өз тобында жарысты екінші орынмен аяқтады. Бұл нәтиже оған А финалына өтуге мүмкіндік берді.

Тағы бір қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша өз тобында төртінші орын алып, В финалында бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.

Айта кейік, шорт-трек – Қысқы олимпиада ойындарындағы ең тартысты додалардың бірі. Бейжің Олимпиадасында аталған спорт түрінен жалпы тоғыз медаль жиынтығы таратылады.

Ерлер арасында: 500 м 1000 м 1500 м

Эстафеталық жарыс 5000 м

Әйелдер арасында: 500 м 1000 м 1500 м

Эстафеталық жарыс 5000 м

Аралас эстафета 2000 м

Эстафетаға елден төрт спортшы қатысып, дистанция бойынша ауысым жасайды.

Бейжіңде Олимпиада ойындарында дебют жасайтын аралас эстафетада әр команда екі ер және екі әйелден өнер көрсетеді.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...