ОЛИМПИАДА: КІЛ ЖҮЙРІКТІҢ ІШІНДЕ КІМ ЖҮЙРІК?!

Францияда өтіп жатқан XXXII жазғы Олимпиада ойындарын қазақстандық ұлттық құрама сәтті бастады. Алдымен мергендеріміз көзге түсті. 10 метрлік нысана көздеуден аралас командалық сында Александра Ле мен Ислам Сәтпаев ел қоржынына алғашқы қола медальды салды. Команданың бас бапкері Ольга Довгунның айтуынша, 1996 жылғы Атланта Олимпиадасынан кейін мергендеріміз көзге түсе алмай жүрген еді. Сондықтан бұл жеңіс қазақстандық нысана көздеушілер үшін ғана емес, бүкіл ел спорты үшін тарихи оқиға деуге болады. 

Дзюдошы Елдос Сметовтың (60 кг) жеңісі бұл қуанышты еселей түсті. 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс, 2020 жылы Токиода қола жүлдегер атанған Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанып, тарихқа енді. 26 маусымда жалауы желбіреген шараның басты додасы 11 тамызға дейн созылатынын ескерсек, Қазақстан қоржыны Парижде олжалы болатынына жанкүйерлер сене бастады. Құрама қоржынына түсетін алтын медальден басты үміткер саналған Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваға қатысты жаңалық жанкүйерлерді біраз ренжіткен. Алайда «бақ шаба ма, бап шаба ма» деген, Елдостың жеңісті жолын ары қарай жалғастырған Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) құрама қоржынына қола жүлде салды. Африканың – 54, Еуропаның – 48, Азияның – 44, Американың – 41 және Мұхит аймақтарының – 17 елінен жиналған әлемнің 206 құрамасының 10,5 мың спортшысының ішінен суырылып шығып, жеңімпаздар тұғырының төріне көтерілу кезкелген спортшы үшін үлкен арман. Ал 32 спорт түрінің 25-і бойынша 80 спортшысын үкілеп додаға қосқан Қазақстан құрамасының ішінде іріктеу сындарынан сүрінгендер де бар. Алайда кіл жүйріктің ішінде кім жүйрік екенін анықтайтын финалдық сайыстарға кезең-кезеңімен жақындап келе жатқандар да аз емес. Сондықтан спортшыларымыздың көрсеткіші енді күн сайын жаңарып, әлемнің басты спорттық жарысында өз елінің даңқын асырып, Әнұранын шырқатып, жалауын желбіретуден үмітті адамдардың саны жеткілікті. Өйткені, бірқатар спорт түрлері бойынша үміткерлер әлі жарыстарын бастаған жоқ.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.