Олимпиада чемпиондарының ордасы 80 жаста!

Талай спорт саңлақтарын тәрбиелеп шығарған Қазақ спорт және туризм академиясының 80 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті.

Алдымен білім ордасының бас ғимаратында «Олимпиадалық спорт және барлығына арналған  спорт» атты XXVIII Халықаралық ғылыми Конгресс өтті. Пленарлық мәжіліске  белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Қазақ спорт және туризм академиясы және серіктес университеттердің, сондай-ақ  Халықаралық дене шынықтыру және спорт университеттері қауымдастығының мүшелері қатысты. Спорт саласындағы маңызды мәселелер туралы баяндамалар жасалды. 20-дан аса мемлекеттен келген шетелдік ғалымдар ауқымды шараға қатысып, әсерге толы мерекелік кештің куәсі болды.

            Мерекелік кеште талай жыл еңбек еткен ұстаздар мен ғалымдар марапатталды. Әсем ән мен ерекше спорттық қойылымдар жиналған жұртты тәнті етті. Академия түлектері, Олимпиада жүлдегерлері мен зиялы қауым өкілдері, басқа да жоғары оқу орнынан келген қонақтар қатысты. Қазақ спорт және туризм академиясының 80 жылдығына арналған барлық іс-шаралар өте  жоғары деңгейде ұйымдастырылды.   

Сондай-ақ 80 жылдық қарсаңында Қазақ спорт және туризм академиясының ғимаратында күрес залы ашылды. Мың шаршы метр аумақты алып жатқан залға төрт бозкілем қатар сыяды. Кең кешенде қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, самбо секілді спорт түрлерімен айналысуға болады. Сонымен қатар, күніне ауысыммен 700-ге жуық адам жаттығуға мүмкіндік бар, дейді бапкерлер. Құрылыс жұмыстары академияның өз қаражатына жүргізілді.

80 жылда академиядан 80-нен астам олимпиада жүлдегерлері мен 200 ден астам әлем чемпиондары шықты. Сондықтан оқу ордасын қазақ спортының ұстаханасы деуге толық негіз бар.    

Айта кетейік, 1944 жылы 14 қарашада Орта Азиядағы алғашқы спортшылар мен бапкерлерді дайындайтын Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институты құрылды. Бұл жоғары оқу орны Орта Азия аймағында бірінші болғандықтан, өзбек, қырғыз, түрікмен және тәжік одақтас республикалар үшін де дене шынықтыру-спорт кадрларын даярлауды жүзеге асырды.

1998 жылы 28 қазанда Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі мәдениеті институты Қазақ спорт және туризм академиясы мәртебесіне ие болды. Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов басшылық ететін бұл оқу орнының елімізде алатын орны ерекше. Академия құрамында 3 факультет, 11 кафедра, 2 ғылыми-зерттеу институты мен 2 стадион, 1 бассейн, 3 спорттық-техникалық база,  2 студенттер жатақханасы, 1 Олимпиада даңқ мұражайы мен  кітапхана бар. 150-ге жуық профессор, докторлар, ғылым кандидаттары мен білікті оқытушылар еңбек етеді. Академияда қазір 4000-ға жуық студент білім алуда. Сондай-ақ заманауи білім бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында көптеген халықаралық жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орнаған.

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...