Ол Оңтүстік өңірінде ең алғашқы басшы лауазымын алған офицер әйел

«Ішкі істер органындағы қызметім ең кіші баспалдақтан басталған. Оңтүстік өңірде тарихта маған дейін осындай лауазымды иеленген әйел болмапты. Бұл үлкен қуаныш, мәртебе!»-дейді бүгінгі кейіпкеріміз.

2022 жылы тамыз айында Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылық құрамы өзгерді. Түркістан облысының тарихында алғаш департамент бастығының орынбасары лауазымына әйел кісі тағайындалды.

Бүгінде полиция подполковнигі шенін алған Меруерт Әбдіқадырқызы басшылық сеніп тапсырған лауазымды абыроймен атқарып, адал еңбегімен танылған білікті басшы.
Офицер әйел М.Әбдіқадырқызы: «Колледждің 2-курсында оқып жүріп, Ішкі істер департаментінің Қаржы бөліміне практикадан өтуге бардым. Формаға ең алғашқы қызығушылығым сол жерде оянды. Жауапкершілігімнің нәтижесі шығар, “Оқу бітірген соң жұмысқа кел” деген шақырту алдым. Қолыма диплом алғаннан кейін келісімшарт бойынша қайнаған қазанның ішіне кіріп кеттім», — деп қызмет жолының басталуын еске алады.
1999 жылдан бастап полицей болған Меруерт Әбдіқадырқызы қызмет жолында мансап қумай, жұмысын тиянақты істесем болды деп ойлағанын жеткізеді. Содан болар 10 жыл бойы сержант болып, лейтенант шенін 2012 жылы алған. 20 жасқа қараған шағында тұрмысқа шығып, бірінші әскери шенін келін болып жүрген кезінде алған. Қателесуге болмайтын ең негізгі жұмыстардың бірі қаржы саласында қажырлы еңбек еткен.

Рухы мықты кейіпкеріміз үйдің де, түздің де жұмысына қатар үлгеріп, ел алдындағы абыройлы міндеттерін адал атқарып, жас мамандарға үлгі-өнеге болып жүр.
«Қауіпсіздікке, елдегі тәртіп пен тыныштыққа жауап беретін орган болғандықтан, әрине, жігіттерімізге артылатын жауапкершілік көп. Тиісінше, ерлер бір саты жоғары тұрады. Бірақ әйел кісілер де әлсіз емес. Ерлермен қатар жұмыс істейді. Жігіттер сыртқы жұмыстарға жауап берсе, біз ішкі тірліктерді реттеп отырамыз»-деп сөзін қорытындылады ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі М.Әбдіқадырқызы.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның берік негізі

Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен заңның...

МЕДИАЦИЯ – ДАУДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Қазіргі қоғамда адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынастардың күрделенуі кей жағдайда...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗІ

Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихи жады мен...