«Ол кезде мен тұрмыста едім»: Дильназ Ахмадиева екінші күйеуіне бірінші болып өзі сөз айтқанын мойындады

Дильназ Ахмадиева өзінен 6 жас кіші күйеуімен қалай танысқанын, махаббат оқиғасы қай кезден басталғанын айтып берді. Дильназ ханым өзі танымал әнші болғанымен шығыс тәрбиесінде өскенін айтады. Сол себепбі жұбайын отбасының басшысы деп құрметтейді.

Дильназ Ахмадиева жас әнші Азильхан Сейтебаевпен шаңырақ көтергені белгілі. 3 жыл қыз-жігіт болып кездескен жұп отау құрып, жақында ата-ана атанды. Бұл Ахмадиеваның көптен күткен арманы еді. Бұл туралы «Без монтажа» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz.

«Мен баламның түрін, суреттерін не видеосын көрмей ұйықтай алмаймын. Баламды ұйықтатып келген соң да видеосын бір қарап шығамын. 39 жасымда ана атандым. Бұл бақытты ұзақ күттім. Себебі мен 20 жасымнан бері бала көтере алмадым. Денсаулығым жарамады. Омыртқам 7 жерінен жарақат алған. Ондайда әйелге бала көтеру ауыр. Соған қарамастан мен 40-қа жақындаған шақта өмірге ұрпақ әкелдім. Тағы балаларым болғанын қалаймын», — деді ол.

Айтуынша, оған сенбестік танытып, баланы өзі босанбады деп айыптағандар болған. Алайда әнші өзі бала көтеріп, өзі өмірге әкелгенін айтады. Оған жүкті кезіндегі суреттері дәлел. Әнші ұзақ уақыт бала сүйе алмай жүрген әйелдерге үміт үзбеуге кеңес береді.

«Бастысы ниет пен үмітте. Әрекет ету керек. Мен 20 жылдан соң ана атандым. Әйел 45 жасында да, 48 жасында да бала көтере алады», — деді ол.

Ал, жолдасы Азильханмен танысқан уақытта өзі тұрмыста болған.

«Азильханмен сахнада таныстым. Ол кезде мен әділқазы едім. Ол «Х фактор жобасына» қатысушы болып келді. Ол кезде ешқандай сезім де, ой да болған жоқ. Әділқазы мен шәкірт ретінде сөйлестік. Тіпті мен әлі некеде болғанмын. Бұл 2013 жыл еді. Мен 2015 жылы ажырасып кеттім. Азильханмен 2017 жылдан бастап кездестім. Ол менің соңымнан жүгіріп, ажырасқанымды күткен жоқ. Тағдырымыыз солай тоғысты. Бірде қайырымдылық акциясына бірнеше әнші баратын болдық. Олардың ішіне менің танығаным Азильхан болды. Ол кезде көңіл-күйім болмай жүрген кез еді. Оған бардым да 3 сұрағым бар дедім. «Үйленгенсің бе? деп сұрадым. Ол «жоқ» деді. Қызың бар ма дедім. Ол «жоқ» деді. Онда саған үшінші сұрақты сосын қоям дедім. Солай бәрі басталды», — дейді ханым.

Әнші бастапқыда жолдасының кім екенін көптен жасырды. Кейін ашық жариялады. Баласының әкесі екенін айтты.

«Ол қатал әке болатын секілді. Мен әнші болғаныммен, одан үлкен болғаныммен шығыс тәрбиесімен өскенмін. Ер адам отбасының басшысы. Қандай жағдай болмасын ол отағасы болып қала береді», — деді Ахмадиева.

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...

Балхашский тигр Туран приехал в Алматы

Сегодня в Алматы произошло необычное и запоминающееся событие —...

Балқаш жолбарысы Тұран Алматыға келді

Бүгін Алматыда ерекше әрі есте қаларлық оқиға болды —...

Астанадағы сайлау таңы ерекше басталды

Астанадағы сайлау таңы ерекше басталды: дауыс беру учаскесіне халатын...