OI-QARAGAI» қысқы маусымды ашты

7 желтоқсанда Mountain resort «Oi-Qaragai» 2024/2025 қысқы маусымын ресми түрде ашты.

Биыл курорт «Қыстау» тақырыбымен қарсы алады. Этникалық дәстүрлерге ерекше назар аударылады: қазақи ерекшелік, ұлттық тағамдар, үлкен отбасылық фестивальдің ерекше атмосферасын жасайтын тақырыптық әшекейі бар костюмдер мен фотоаймақтар. Ең креативті бейне үшін маусымдық Ski-Pass сыйламақ.

Қонақтарды тек ашылу ғана емес, сонымен қатар Курорттың жаңа орны – аумақты 192 гектарға дейін ұлғайтатын Aqtas үстіртінің тұсаукесері күтіп тұрады.

Сондай-ақ салтанатты ашылу бағдарламасында:

— Жүргізуші және DJ

— Қонақтармен интерактив

— Жүлделер мен сыйлықтар ұтыс ойыны

— Котофей балалар киімі мен аяқ киімі дүкені ұсынған кішкентай Қонақтарымызға арналған балалар бағдарламасы

— Музыкалық безендіру – электронды-этникалық орындаушы Lungan және Live band Tigrahaud тобының өнер көрсетуі

— Курорт нұсқаушыларының көрнекі өнер көрсетуі

— Ұлттық стильдегі фотоаймақ және батырлар

Тау шаңғы маусымының ашылуы – бүкіл отбасына және OQ курортының достарына арналған тамаша мереке. Ұзындығы 22 км-ден аста Курорттың тік және әдемі беткейлері мен трассаларынан жылдамдықты, энергияны, драйв пен адреналинді сезініңіз.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...