Кеше Орал қаласында «Жекпе-жек» спорт кешенінде ҚР қарулы күштерінің 30 жылдығы арналған күш құрылымдары органдарының қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрлерінен Облыстық Спартакиада өтті.
Жарыс Асық ату, Тоғызқұмалақ, қол күресі, арқан тартысы және қазақ күресі спорты түрлерінен өткізілді. Бұл тартысты жарысқа біздің Қылмыстық Атқару жүйесі департаментінен әріптестерімізде қатысқан болатын. Нәтижесінде Қазақ күресінен әділет капитаны Танкишев Алибек Нұртайұлы 1 орын иеленсе, Тоғызқұмалақ ойынынан әділет аға лейтенанты Жумагужиев Ержан Ергенұлы 2 орын, команда бойынша 3 орын алды (Екеуі де РУ-170/3 мекемесінен). Жарысқа 180-ге жуық спортшы қатысты. Спартакиада бұқаралық спортты дамыту, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, жарыс қатысушыларының спорттық шеберліктерін шыңдау және іскерлік байланысын нығайту мақсатында өткізу.