Облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандарға мотивациялық фильм көрсетілді

Облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталған азаматтарға шынайы оқиға желісіне негізделген «Бақытқа ұмтылу» атты көркем фильм көрсетілді. Іс-шараны мекеменің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімі ұйымдастырды.
Кино-көрсетілім сотталғандарды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, оларды қоғамға бейімдеу, өмірлік құндылықтарды насихаттау және заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Фильмде өмірдің ауыр сынақтарына қарамастан мойымаған, еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында жетістікке жеткен адамның тағдыры баяндалады. Көрсетілімнен кейін сотталғандармен тәрбиелік мәні бар пікір алмасу ұйымдастырылып, фильмнің негізгі идеялары талқыланды.
– Фильм терең әсер қалдырды. Адам қандай қиындыққа тап болса да, үмітін үзбей, алға ұмтылуы қажет екенін көрсетті. Осындай туындылар өмірге деген көзқарасты өзгертіп, көп нәрсені қайта ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді, – деп пікір білдірді сотталған.
Мекеменің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов мұндай іс-шаралардың тәрбиелік маңызына тоқталды.
– Осындай мотивациялық фильмдер арқылы біз сотталғандарға адам өміріндегі жауапкершіліктің маңызын, өзін-өзі дамыту мен адами құндылықтарды сақтаудың қажеттігін түсіндіруге тырысамыз. Мұндай мәдени іс-шаралар олардың психологиялық көңіл күйіне оң әсер етіп, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді, – деді Ермек Рахимов.

Айта кетейік, мекемеде сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге, құқықтық санасын арттыруға және қоғамға бейімдеуге бағытталған мәдени-танымдық және тәрбиелік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...