Облыстардың екіге бөлінуіне байланысты әкімдердің жалақысы төмендей ме?

Жаңа облыстар құрылғаннан кейін, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бюджеті қысқарады. Бірақ әкімдердің жалақысы төмендемейді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет кулуарында журналистер министрден жаңадан құрылатын облыстардың бюджеті мен әкімдердің жалақысы жайлы сұрады. Қуантыровтың пікірінше, облысы кішірейген әкімдердің жалақысы өзгеріссіз қалады.

«Олардың жұмысы азаяды деп ойламаймын. Ол істейтін облыс аумағы кішіреюі мүмкін, бірақ міндеттері өзгермейді. Сол себепті, менің ойымша, олардың жалақысы сол күйі қалады. Өйткені барлық мемлекеттік қызметші үшін белгілі бір бекітілген сетка бар», — деп жауап берді министр.

Қуантыров қазіргі үш облыстың бюджеті қысқаратынын атап өтті. Өйткені бюджет пен штат саны қайта бөлінеді.

«Мысалы, мемлекеттік қызметшілердің 30-40%-і жаңа облысқа ауысса, тиісінше бюджеттің 30-40 проценті сол жаққа кетуі керек. Әрине, қазіргі бюджетті жеткізген жақсы. Бірақ қосымша шығын шығаруға тура келетін шығар. Бұған республикалық бюджеттің резерві жетеді. Жаңа облыс болғандықтан, бюджет те жаңа болады», — деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айтуынша, әзірге мемлекеттік қызметшілер санын ұлғайту жоспарда жоқ. Бірақ, егер жұмысшылар жетіспесе, бұл мәселе қосымша қаралады.

«Өйткені тек әкімдік қызметкерлері ғана істемейді ғой. Орталық мемлекеттік органдар бар. Жаңа облыстарда олардың аумақтық бөлімшесі болуы керек. Оларды да қайта бөлу керек», — деді министр.

Журналистер кей өңірлерде халық жаңа аудандар құруды сұрап жатқанын атап өтті. Министр жаңа аудандар пайда болуы мүмкін екенін айтты. Қазір барлық мәселемен арнайы комиссия айналысып жатыр.

Жаңа облыстарға қосылғысы келмейтін тұрғындардың да пікірі ескеріледі, деп сендірді Қуантыров.

Айтуынша, арнайы комиссия бір-екі ай жұмыс істейді. Оның қорытындысы бойынша президенттің тиісті жарлығы әзірленеді.

Айта кетері, премьер-министрдің өкімімен аталған облыстарды қалыптастыру бойынша комиссия 25 наурызда құрылды.

Комиссияның міндеті жаңа өңірлерді құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Қазақстанда енді 17 емес, 20 өңір болады. Президенттің тапсырмасымен республикада тағы үш облыс құрылады. Бұл туралы 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламентте халыққа жасаған үндеуінде мәлімдеді.

Семей аймағында Абай облысы құрылады. Орталығы Семей қаласы болады.

Ал бұрынғы Жезқазған облысының аймағында Ұлытау облысы пайда болады. Облыс орталығы – Жезқазған қаласы.

Бұдан бөлек, Алматы облысы екіге бөлінеді. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағай, ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады.

Курултай: выбор сделан

КАЗАХСТАН ВПЕРВЫЕ ИЗБРАЛ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. 23 АВГУСТА СТРАНА ГОЛОСОВАЛА ЗА НОВЫЙ ОДНОПАЛАТНЫЙ ПАРЛАМЕНТ, КОТОРЫЙ ПРИШЕЛ НА СМЕНУ ПРЕЖНЕЙ ДВУХПАЛАТНОЙ СИСТЕМЕ. В ВЫБОРАХ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ БОЛЕЕ 9,35 МЛН ГРАЖДАН, А ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЙ ПЯТИПРОЦЕНТНЫЙ БАРЬЕР ПРЕОДОЛЕЛИ ПЯТЬ ИЗ СЕМИ ПАРТИЙ.

Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстандықтар зейнетақыға 28,35 трлн теңге жинады 

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары өсіп келеді. 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың жалпы көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті.

Үш жылда қазақстандықтардың дауыс беруі қалай өзгерді? 

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының алдын ала нәтижелері белгілі болды. Сайлауға қатысқандардың саны 74%-дан асты, ал сайлауға қатысқан жеті партияның бесеуі бес пайыздық межеден өтті.

Құрылтай сайлауының барысында өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ – «Халық үні»

Алматыда «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауы күні...