«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды

Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов мәлімдеді. Полиция полковнигінің айтуынша: «Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері жұмыс орнында атыс қарулары, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар сақтаған тұрғынды анықтады. Нақтырақ айтсам, полицейлермен жүйелі жүргізілген іздестіру нәтижесінде, күдікті ретінде Кентау қаласындағы көлік жөндеу орнында жұмыс істейтін жергілікті тұрғын анықталды. Ер адамнан «Лидер ТТ» маркалы травматикалық тапанша мен патрондар табылды.
Әрі қарай тінту шаралары оның жұмыс орнында, яғни көлік жөндеу орталығында жүргізілді. Жедел уәкілдер 12 калибрлі тегіс ұңғылы 2 дана аңшы мылтығын, әрқайсысының салмағы 0,5 кг болатын 3 пакет түтінді ұнтақ, «Байкал» травматикалық тапаншасы, 1 граната, 35 дана оқ-дәрілер мен 1 дана жарылыс қорапша тәркіленді. Осылайша жедел уәкілдер қарумен жасалатын қылмыстарға тосқауыл қою, заңсыз қару-жарақ сақтау дерегінің жолын кесуде кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деп атап өтті полиция полковнигі.
Сот-криминалистикалық және баллистикалық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Тәртіп сақшыларымен кентаулық тұрғын осыншама қару-жарақты не мақсатпен сақтап жүргені анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...