Оқушылар мен студенттердің оқу форматына қатысты жаңа қаулы шықты

Бас санитар дәрігердің міндетін атқарушының «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулысы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды.

«Облыстар, Алматы, Нұр-Сұлтан пен Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және водомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін», – делінген құжатта.

Алайда барлық жерде сақтық шаралары сақталуы шарт.

Сондай-ақ, Есмағамбетова санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы бұрынғы қаулының күшін жойды. Бас санитар қаулысының толық мәтіні  жарияланды.

8 ақпанда Коронавирус инфекциясыың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мектептердің толық офлайн оқыту форматына көшуі туралы мәселе талқыланған болатын.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...