12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Оқушыларға басқа вакцина салынған: медбике мен дәрігер жұмыстан кетті

Ақтөбеде қырық екі 1-сынып оқушысына манту сынамасы орнына туберкулезге қарсы тірі вакцина салынған. Соның салдарынан балалардың жағдайы күрт нашарлаған. Осы оқиғадан кейін медбике мен дәрігер жұмыстан шеттетілген. Қазір олардың екеуі де жұмыстан шыққаны белгілі болды, — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, бұл оқиға қыркүйекте болған. Балаларда инъекция орны ісіп, іріңдеп кеткен. Ата-аналар мән-жайын сұрай бастағанда, қате кеткені анықталған. Ұзақ жылдық тәжірибесі бар медбике ампулаларды шатастырып алғаны белгілі болған.

Жанжал болған мектепке мемлекеттік тапсырысты жеңіп алған жеке клиника қызмет көрсеткен. Бұл оқиғадан кейін медбике де, дәрігер де жұмыстан шеттетілген. Енді олардың өз еркімен жұмыстан кеткені белгілі болды. Бірақ іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Айта кетейік, оқу орнына қазір мемлекеттік емхана қызмет көрсетеді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жеке орталықпен келісімшартты бұзған.

«Бүгінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұйрығымен «Медикус-орталығының» бас дәрігеріне қатаң сөгіс жарияланды. Балалар бақылауда. «Медикус-орталығына» бекітілген барлық мектеп облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұйрығымен Қарғалы ауруханасына берілді», — деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...

НОВЫЕ ТРЕБОВАНИЯ ПО НДС

В ВКО УСПЕШНО РЕАЛИЗУЕТСЯ ПРОЕКТ «БИЗНЕС И НАЛОГИ». В...