12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті пәндер тізімінен алынатынын заңмен бекітпек

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы бұйрықты жоюды ұсынды. Демек пән жалпыға міндетті мектеп бағдарламасынан алынуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тиісті құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды.

2022 жылдың ақпан айында министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті бағдарламадан алып тастап, факультативтік пәндер санатына көшіруге ниетті екенін мәлімдеген. 

Енді пәннің міндетті емес екенін білдіретін мәртебесі заңмен бекітілмек.

Еске салсақ, «Өзін-өзі тану» мектептердегі міндетті пән тізімінен шығарылған еді. Ведомствоға пәнді мектеп бағдарламасынан шығару туралы ұсыныстар келіп түскенін министрлік хабарлаған болатын.

Айта кетсек, “Өзін-өзі тану” бағдарламасының авторы – Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева. Пән алғаш рет 2001 жылдан бастап сынақ жоба ретінде Қазақстанның мектептеріне енгізіле бастады. 2010 жылдың басында «Өзін-өзі тану» пәні 10500 білім беру мекемесінің 184-інде оқытылды. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» міндетті пән ретінде енгізілді.

Құстарды тамақтандырғаныңыз үшін айыппұл қарастырылған ба?

Әлеуметтік желілерде аулаларда және саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер...

Через факты, а не эмоции: депутат объяснил, почему Казахстан растёт, даже если этого не чувствуют

Депутат Мажилиса Болатбек Алиев заявил, что разговоры о «постоянном...

КазНУ им. Аль-Фараби: от Дня основания до “Farabi HUBа”

15 января на факультете Филологии Казахского национального университета имени...

Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде адамдардың шетелге шығуы, халықаралық деңгейде білім...

Құқықтық мәдениеті дамыту қажет

Жаңа Қазақстанды дамытуда заңгерлердің атқаратын қызметі  зор. Осы орайда...