12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

О.Бектенов: Общенациональный План по реализации Послания Президента отвечает поставленным задачам

Үкіметте Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлданды

📍Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды.

🔸 Премьер-министр Мемлекет басшысы Жолдауда елімізді дамудың жаңа деңгейіне көтеру үшін жүйелі шаралар кешенін қабылдауды тапсырғанын атап өтті. Үкіметтің алдына экономикаға, агросекторға және логистика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша нақты міндеттер қойылды.

«Біз Президенттің инвестициялық ахуалды жақсарту, негізгі салаларды жаңғырту, мемлекеттің тиімділігін арттыру және мұқтаж адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған стратегиялық бастамаларын іске асыру үшін нәтижелі шаралар қабылдаймыз. Жаппай цифрлық трансформация, экономиканы жаңғырту және адам капиталын нығайту арқылы еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етуіміз қажет. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары алға қойылған барлық міндеттерге сай келеді. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жоспардағы іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Барлық қаржыландыру мәселелерін шұғыл шешу қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

 Дауыс беру барысында жалпыұлттық жоспар жобасы бірауыздан қолдау тапты. Ұлттық экономика министрлігіне Үкімет Аппаратымен бірлесіп, Мемлекет басшысының тиісті Жарлығының жобасын Президент Әкімшілігіне енгізу тапсырылды. Премьер-министрдің орынбасарлары ережелерге сәйкес Жоспардың жүзеге асырылуын бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Мукагали Макатаев о языке и ответственности слова

Для Мукагали Макатаева язык был не просто литературным инструментом,...

«ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ» МАҚСАТЫ БОЙЫНША «ТАБИҒАТҚА ҰҚЫПТЫ ҚАРАЙЫҚ!»

(Жаңа Конституция жобасы бойынша ұсыныс есебінде) «Әділеттілік, Заң мен Тәртіп,...

ҚҰҚЫҚТЫ БІЛМЕУ – ҚАУІП, ҚҰҚЫҚТЫ БІЛУ – ҚУАТ

Қазіргі заманғы қоғамды құқықсыз елестету мүмкін емес. Құқық –...

Применение информационных технологий в судебной системе: роль цифровых сервисов и значение «Судебного кабинета»

Современное правосудие невозможно представить без активного применения информационных технологий....

Алматинская молодежь поддержала проект новой Конституции

Молодежь Алматы высказалась в поддержку проекта новой Конституции В комьюнити-центре...