12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды еңбекпен қамту

Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылған сотталғандарға қоғамнан оқушаулауға байланысты емес жаза беріліп, мысалы бас бостандығынан айырудың өтелмеген мерзімі түзеу жұмыстары түріндегі жазалармен алмастырылған сотталғандар қамаудан босатылады. Бостандыққа жолдама алғандардың еркіндіктегі тұрмысын ұйымдастырып жұмысқа орналастыру мәселесі туындағанда олардың өз бетінше жұмысқа тұруына көптеген жағдайлар кедергі болатыны белгілі.

Соның бірі сотталған азаматтың тұрғылықты жеріне тіркеуге дер кезінде тұра алмауы, оның салық төлеу нөмірі, әлеуметтік жеке кодының жоқтығы. Сонымен қатар тағы бір қиыншылықтардың бірі мекеме басшыларының сотталғандарды жұмысқа алудан қашатындығы.

Жазасын өтеп келгендердің өткен өмірін естігенде жұмыс берушілердің көпшілігі жұмысқа алу алмау жөнінде ойланып қалады. Бұл адамның келешекте тағы да қылмысқа баруы мүмкін деген күдіктерін жасырмайды. Жұмыс берушілер сотталған азаматқа осыншалық сенімсіздік танытпаса, бұл оның келешекте жақсы жолға түсіп кетуіне септігін тигізері анық. Жеткілікті дәрежеде қолдау көрсетілсе бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандардың қатарға қосылуына толық мүмкіндігі бар.

А. С. Аббас, Алматы қаласы Бостандық ауданының Пробация қызметі әділет лейтенанты

Отанды сүю тілге деген құрметтен басталады

Халқымыздың ұлтжанды азаматы Халел Досмұхамедұлы "Өз тілін білмейтұрып, жат...

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...