Қоғамдық жұмыстан жалтарған үшін ер адам 15 күнге қамауға алынды

Текелі қалалық пробация қызметіне 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған сотталған адам есепке тұрған. Тіркеу кезінде, сотталғанға үкім бойынша жазаның өтеу шарттары мен ережелері түсіндірілген алайда, ер адам наразылық білдіріп, қоғамдық жұмыстарды орындаудан бас тартқан.

Осыған байланысты, ол пробация қызметі бөліміне жеткізілді. Өзінің жазбаша түсіндірмесінде, сот тағайындаған қоғамдық жұмыстарды жасамайтындығын және бас тартатындығын түсіндірді. Ер адамға қатысты пробация қызметі сотқа қоғамдық жұмыстар түрінде жазадан жалтарғаны үшін жазасын ауыстыруға ұсыным жіберді.

Текелі қалалық сотының шешімі бойынша, ер адамға қоғамдық жұмыс жаза түрі 15 (он бес) кун қамауға ауыстырылды.

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН EMBA МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Абай университеті еліміздегі әйелдер қауымының көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған...

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Ақпараттық қауіпсіздік мәдениеті ұлттық қорғаныс мәселесі болуы тиіс

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңа технологияға бейімдеу керек деген...