12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қоғам және қылмыс

Қaзіргі таңда кісі өлтіру қылмысының белең алып тұрғаны бәрінен бұрын қоғамды қынжылтады. Кісі өлтіру қылмыстарының салдарынан бірнеше адам өмірімен қоштасып, бақилық болды, олардың бірінің артында еңкейген қарт ата-анасы, еңбектеген ұл-қызы, сүйікті жары қалса, енді бірінің артында аңыраған ана қалды. Онсызда ат төбеліндей азғантай халықпыз, оның үстіне қылмыскерлердің қанды қолынaн бірнеше отандастарымыз қаза тауып жатса, Республика халқының сaны қалай көбеймек?

Қылмыстардың көпшілігі мас күйінде жасалатыны анық. Бүгін арақ ішіп, болмашы нәрсені сылтау етіп, кісі өлтірген адам ертесіне үстінен қылмыстық іс қозғалып, өкініштен бармағын тістеп отырады. Осындай қылмыскерлердің ішінде әйел адамдардың кездесуі деп ғажап емес. Біздің атпалдай азаматтарымыз бен нәзік жанды аруларымыз арақтың уына елітпей, шынайы адам ретінде өмір сүргенде, олар түрменің ызғарына тоңбай, қоғамда белгілі бір орын алып, еңбекпен айналысып, елімізге еңбегін сіңірер еді.

Қоғамымызда улы жыландай жас демей, кәрі демей, халықтың санасына еніп алған «Есірткі» деген дерт бaр. Есірткімен байланысты қылмыстардың үлес салмағы кісі өлтіру қылмыстарынан кейінгі орынды иеленіп тұр. Осындай қылмыс жасағандардың  ішінде жаңа ғана өмірдің ащысы мен тұщысын сезініп келе жатырған жастардан бастап бір жанұяның отағасы, тепсе темір үзетін азаматтары да бар. Осы азаматтарымыз неге өздерінің болашағын ойламайтыны қынжылтады. 

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген нақыл сөз бар қазақта. Ұл-қыздарымызды бесіктен бастап дұрыс тәрбиеге үйретсек, нұр үстіне нұр болған болар еді.

Қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекеттерді жасаудан барынша сақ болайық, сақтанайық. «Сақтансаң, сақтармын» деген нақыл сөзді басты қағидаға айналдырсақ, құба-құп болар еді. Қылмыстардың көптеп жасалуы, қылмыс жасауға кәмелетке толмағандардың қатысуы көңіл қынжылтады. Осы тұста алтын асықтай ұл мен қос бұрымды қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға алтын сырға болса екен деймін.     

А.Ахибаев,

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы–сот отырысының хатшысы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...