Адалдық – адамдықтың белгісі

«Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге.»

Абай

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер не айтса, соны айтатыны, не істесе, соны істегісі келетіні белгілі. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені ол үшін адамгершілік тәрбиенің ең үлкені. Демек, жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға берер тәлімі мол болмақ.

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. «Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық — пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады.

Сонымен қатар, жас өспірімдердің оқу орнындағы тәлім — тәрбиесі мен білімі, оның тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Қазіргі таңда елемізде жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақтасында түрлі пилоттық жобалар кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Атап айтар болсақ «Саналы ұрпақ», «Парасаттылық мектебі» жобалары еліміздің білім ошақтарымен қоян қолтық жұмыс жасап, жұмыстар жүргізіп жатыр.

Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, жастарды адалдыққа тәрбиелеуде көптеген іс – шаралар атқарылуда. Соның бірі республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Адалдық сағаты» атты тәрбие жұмысы. Еліміздің телеарналарынан көрсетіліп жатқан осы жобаны, біз білім беріп отырған Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі білімалушыларының да адалдыққа тәрбиесіне өз ықпалын тигізіп жатыр деген ойдамыз. Себебі, осы жобалардың негізінде колледжде бірнеше клубтар құрылған. Атап айтар болсақ: «Адал ұрпақ», «Парасаттықлық мектебі», «Шабыт» үйірмелері өз жұмысын жүргізуде. Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен пен адалдық ар үшін жи, — деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді. Біз бұл клубтарды рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын негізге ала отырып жұмыс жасаймыз:

— Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. «Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық — пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.

— Шыншылдық, турашылдық – өлмес рух пен арлылықтың, адалдықтың алғышарты. Кез келген халықтың моральдық қағидасы – осылай.

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – күн тәртібіндегі басты мәселе.

— Білім бері жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

— 4 негізгі құндылық: адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім.

Сондықтан біздің колледж студенттері үшін адалдық пен әдептілік — бұл өмірлік ұстанымымдары болып табылады.

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі, «Қазіргі еңбек нарығы талаптарына жауап беретін арнайы және кәсіптік мамандарды даярлау» деген миссияны негізге ала отырып жастарды тәрбиелеуде.

Бұл жобалардың барлығы тәуелсіз елміздің жастарының адал, еңбекқор, өз елін, жерін сүйетін азаматтар болып қалыптасуына ықпал ететініне сенеміз.

Ыбырай Құрманғалиұлы Әзімханов

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...

Верность профессии

В Алматинском городском суде по случаю выхода в почетную...

 В «серой» зоне 

НОВОСТЬ ОБ ОЧЕРЕДНОЙ БЛОКИРОВКЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСА И ЗАКРЫТИИ САЙТА «КЫЗДАР....