Сарыағаш аудандық Полиция бөлімі мәжіліс залынла Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен пробация қызметінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар арасында «Діни ағымдардың алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Аталған шараға Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ доценті Ермек Бекбосынов, Алматы облысының «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстаушыларын оңалту орталығы» КММ бөлім басшысы Ерлан Матаев, Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Даулет Бейсенов, Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері және Сарыағаш аудандық пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.
Жиында Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ доценті Ермек Бекбосынов пробация қызметінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандарға дін ағымдағы ерекшеліктері, ағымдардың бөлінуі, дәстүрлі емес ағым жолына түскен жастардың өкінішке толы өмірлері жайында айтып өтті. Сонымен қатар, дін жайындағы тақырыптарға тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл кездесудің мақсаты, діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға, терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттау нысандарын, әдістері мен тәсілдерін әшкерелеуге бағытталған терроризм мен экстремизм идеяларының қауіптілігін түсіндіру болып табылады.
Шара барысында сөз алған «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ерлан Матаев: — Діни ахуалы тұрақты мемлекетте бейбітшілік, достық, бірлік орнайтыны, ол ұзаққа созылатыны белгілі. Сол себепті де, Қазақстанда діни ахуалды тұрақты ұстап тұру үшін түрлі іс-шаралар өтуде. Оның барлығы – бейбітшілікті, діни алауыздықты болдырмауды көздейді. Деструктивті ағымдардан сақтану қажет. Дін дегеніміз өте күрделі. Ол туралы ақпаратты кез-келген орындардан, сонымен қатар рұқсат етілген кітаптар мен сайттардан алған дұрыс. Және де еліктіру жолдары әлеуметтік желілерде тез таралады, оны дін жолына аяқ басқан жастарымыз осы дұрыс екен деп қабылдайды. Сондықтан діни секталардың құрбанына айналмас үшін діни білімімізді арнайы оқу орындарынан және діни орталықтан сұрап білулеріңізге болады. Сондай-ақ, дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді. Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың немесе топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Осындай дінді теріс бағытта насихаттайтындардан сақ болыңыздар, — деді Е.Матаев.
Заман талабына сай күн өткен сайын әртүрлі жаңашылдық елімізге еніп жатыр. Ғаламтордың адамға пайдасы зор. Бірақ, біз осы мүмкіндікті теріс әрекетке жұмсап жіберетін кездер болады. Қазіргі таңда дін өзекті мәселенің біріне айналып барады. Себебі, жастарымыз діни сауттылықты мешіттерде арнайы дәріс беретін имамдардан алудың орнына, әлеуметтік желіде таратылып жүрген видороликтер мен жазбалардан алғанды жөн санайды. Кейбір сайттарда дінді дұрыс насихаттаса, енді екіншісі дінді бұрмалап теріс пікір қалдыратыны жасырын емес. Тіпті, өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын тарататыны жасырын емес. Дінге бет бұрғысы келген жастарымыз осындай теріс ниетті діндарлардың жетегіне еріп, қатесін кеш түсініп өкініштен өзегі өртенген азаматтарымызда кездеседі, — деді Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Әзизхан Оразбай.
Семинарға қатысқан пробация есебінде тұраттын азаматтар дінтанушы-теолог маманға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұтымды жауап алды. Жиын сонында теріс ағымды ұстанғандарды райынан қайтарудың жолдары мен психологиялық қағидалар жайында пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың қойған сұрақтарына теолог мамандары толық жауап берді.
Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы