Оңайлатылған іс жүргізу жүйесі тиімділігін дәлелдеп келеді

Өткен жылы тамыз айында Әділет министрлігі мемлекеттік автоматтандырылған атқарушылық іс жүргізу ақпараттық жүйесінде (МААІЖ) (атқарушылық істерді электрондық түрде есепке алуға, сот орындаушысының іс жүргізу әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарына оның барысы туралы мәліметтер алуға арналған ақпараттық жүйе)оңайлатылған іс жүргізу институтын енгізді.

Оңайлатылған іс жүргізу институты борышкерлерден (жеке тұлғалардан) әкімшілік айыппұлдар мен 20 АЕК-ке дейінгі салық берешектерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды автоматтандырылған режимде, яғни жеке сот орындаушыларының қатысуынсыз орындауды көздейді.

Анықтама үшін: ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №416 бұйрығына сәйкес, «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» ЖСО қызметіне төленетін сома өндіріп алынған соманың 25%-ын құрайды.

Оңайлатылған іс жүргізудің негізгі міндеттері: азаматтарды ЖСО қызметіне ақы төлеуден босату арқылы қаржылық жүктемені азайту;

Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде келесі мәжбүрлеп орындату шаралары қабылданады:

  • Оңайлатылған іс жүргізу қозғалғаннан кейін борышкерлер туралы мәліметтерді Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу;
  • Оңайлатылған іс жүргізу қозғалған күннен бастап бес күнтізбелік күн өткен соң банктік шоттардағы ақшалай қаражаттарға тыйым салу;
  • Оңайлатылған іс жүргізу қозғалған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң борышкердің мүлкін иелену бойынша белгілі бір әрекеттерді жасауына тыйым салу;
  • Оңайлатылған іс жүргізу қозғалған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң инкассалық өкім шығару.

  •  Оңайлатылған іс жүргізу қозғалғаны туралы борышкерге хабарлама мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөміріне мәтіндік хабарлама жіберу арқылы және (немесе) электрондық үкіметтің мобильді қосымшаларында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында push-хабарламалар арқылы жолданады.

Оңайлатылған іс жүргізу мерзімі: қозғалған күннен бастап 30 күнтізбелік күн.

Кез келген кезеңде борышкер оңайлатылған іс жүргізуден бас тартуға құқылы.

Атқарушылық құжаттың талаптарын борышкердің орындамауы немесе оңайлатылған іс жүргізу аясында одан бас тартуы — атқарушылық құжатты ЖСО-ға тапсыру үшін негіз болып табылады.

Бүгінгі таңда (2025 жылғы 18 сәуірдегі жағдай бойынша) оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде 176 мыңнан астам атқарушылық құжат орындалып, жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеден асты.

Оңайлатылған іс жүргізу енгізілуі азаматтарға 910 млн теңгеден астам қаражат үнемдеуге мүмкіндік берді.

Оңайлатылған іс жүргізу тиімді жұмыс тәжірибесі мен сот орындаушылары әрекеттерінің автоматтандыру деңгейін ескере отырып, қазіргі уақытта Әділет министрлігі осы институтты кеңейтуді көздеп отыр. Атап айтқанда қолданыстағы атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алынатын сомаларды 40 АЕК-ке дейін арттыру, қосымша атқарушылық құжаттарды енгізу уақыт талабы болып отыр.

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...

Условно-досрочное освобождение в Республике Казахстан: текущее состояние, проблемы и пути развития

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Принцип гласности в уголовном процессе Республики Казахстан: проблемы реализации и пути совершенствования

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Проблемы системности и эффективности УПК Республики Казахстан: избыточность, пробелы, противоречия

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...