2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілді.
Осы Кодекс аясында азаматтарға басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне қатысуға мүмкіндік беріледі.
Азаматтар жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері оңтайландырылды.
Кодекстің 12-тарауында Оңайтылған әкімшілік рәсімдердің жүзеге асыру тәртібі көзделген.
Хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына, мемлекеттік заңды тұлғаға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға және олардың лауазымды адамдарына хабарлама, ұсыныс, үн қосу немесе сұрау салу жіберген тұлға арыз иесі деп түсініледі.
Қайталама хабарламаларда, ұсыныстарда, үн қосуларда, сұрау салуларда жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал алдыңғы хабарламаның, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың материалдарында тексерудiң қажетті материалдары болса және арыз иесіне белгiленген тәртiппен жауаптар берілсе; хабарламаның, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың авторын анықтау мүмкін болмаса, арыз иесінің қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы болмаса, оларда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер туралы және олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға дереу жолдануға жататын мәліметтер қамтылған жағдайларды қоспағанда; хабарламада, ұсыныста, үн қосуда, сұрау салуда мәселенің мәні баяндалмаса; арыз иесінен хабарды, ұсынысты, үн қосуды немесе сұрау салуды кері қайтарып алу қабылданса, оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтатылуға тиіс.
Оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Әкімшілік істі оңайлатылған әкімшілік рәсімде қарау қорытындылары бойынша — жауап, оның ішінде хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың мәні бойынша ақпарат беру; назарға алу; оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімдердің бірі шығарылады.
Хабарға, ұсынысқа, үн қосуға, сұрау салуға жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде мазмұны бойынша негiзделген және уәжделген болуға, оның қабылданған шешiмге шағым беру құқықтары түсiндiріле отырып, арыз иесінің дәлелдерiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты фактілерді қамтуға тиiс.
Хабарды, ұсынысты, үн қосуды, сұрау салуды қарайтын субъектілер және лауазымды адамдар арыз иесіне әкімшілік істі қараудың нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы хабар береді. Бұл ретте, егер ұсыныста осы Кодекстің 90-2-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген мәселелер қозғалса, мұндай ұсынысты қарайтын субъект оған жауап бермей назарға алуы мүмкін. Бұл ретте арыз иесі бұл туралы хабардар етілуге тиіс.
Түркістан облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Шарханов


