Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізге ұнаса да, ұнамаса да, ол біздің өмірімізге кірді. Бітті, енді біз осы жасанды интеллектімен өмір сүреміз. Оны біз жақсы түсінуіміз керек, оны танымауымызға болмайды, – деді депутат.

Асхат Аймағамбетовтің пікірінше, жасанды интеллектпен жұмыс істеуді тек балаларға үйрету жеткіліксіз, ең бастысы оларды сыни тұрғыда ойлауға үйрету керек.

Балаларымыз ЖИ-ді онсыз да қолданады. Біз бірінші кезекте қазіргі жасанды интеллект заманында сыни тұрғыда ойлауды үйретуіміз керек. Бала жаңағы жазғанын емес, өз ойымен, өз ақпаратын тауып, берілген мәліметті тексеруді білуі керек, – деді депутат.

Депутат сондай-ақ оқу және жазу дағдыларының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, жасанды интеллектті тиімді пайдалану үшін дұрыс промпт жазуды білу қажет, ал ол өз кезегінде ойлау қабілеті мен тұжырым жасау дағдыларына байланысты.

Егер сен промпт жазуды білмесең, дұрыс тұжырымдама жасай алмайсың, ойыңды жеткізе алмайсың. Қандай мықты жасанды интеллект болса да, сен одан тиімді шешім ала алмайсың. Сондықтан оқу, санау, сөйлеу сияқты дәстүрлі дағдылар бүгін де өте маңызды, – деді Асхат Аймағамбетов.

Ол қазіргі бағалау жүйесі де жаңартылуы керегін атап өтті. Бұрынғыдай үй тапсырмасын беру немесе тест арқылы бағалау қазіргі заманда тиімді емес.

Үйге берген тапсырманы балалар жасанды интеллект арқылы орындап бере алады. Тіпті емтихандардың өзі әлемде өзгерді – жазбаша емтихандар азайып, көбіне ауызша түрде өтеді. Жасанды интеллект заманында сабақ үстінде балаларды қалай бағалайтынымыз – үлкен мәселе, – деді депутат.

Асхат Аймағамбетов дебат үйірмелері, кітап оқу, өзін-өзі басқару және балалардың бір-бірімен сөйлесу сияқты дәстүрлі білім беру элементтерінің маңыздылығын атап өтті.

Дебат үйірмелері, кітап оқу өте маңызды. Өз ойымен ойлай білетін, ақпаратты сыни тұрғыда қабылдай алатын, өзін-өзі басқара алатын балаларды тәрбиелеуіміз керек. Сол арқылы біз оларды болашаққа дайындаймыз, – деді депутат.

Аймағамбетов сондай-ақ сабақ кезінде телефонды шектеу шараларын ұсынғанын айтып, балалардың өздігінен ойлануын және ақпаратты іздестіру қабілетін дамыту басты мақсат екенін атап өтті.

Алматы облысының әкімі тағайындалды 

Алматы облысының жаңа әкімі болып Шыңғыс Сайранұлы Әрінов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Укрепление многовекторного партнерства 

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ЗАСЕДАНИИ СОВЕТА ГЛАВ ГОСУДАРСТВ – ЧЛЕНОВ ШАНХАЙСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ СОТРУДНИЧЕСТВА, СОСТОЯВШЕМСЯ В КЫРГЫЗСТАНЕ. В СВОЕМ ВЫСТУПЛЕНИИ КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ОТМЕТИЛ ВАЖНОСТЬ ДАЛЬНЕЙШЕГО УКРЕПЛЕНИЯ ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ СТРАН ШОС В УСЛОВИЯХ МЕНЯЮЩЕЙСЯ МИРОВОЙ ОБСТАНОВКИ.

Велотректен 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын кімдер қорғайды? 

ХХ Азия ойындары аясында велотрек бәсекелері 29 қыркүйекте басталады.

Елімізде пойыз билеттерін сату тәртібі өзгеруі мүмкін 

Қазір Қазақстанда әйелдерге арналған арнайы вагондар бар.

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды 

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.