spot_img
spot_img

Оқу орнында сыбайлас жемқорлық мәселелері талқыланды

Қазақстандағы ірі, беделді жоғары оқу орнының бірі – Narxoz University екені белгілі.  Бұл оқу орнында қоғамға белгілі тұлғалармен, қоғам қайраткерлерімен, студенттер арасында жиі-жиі кездесулер өтіп тұрады.  Кеше университет қабырғасында   Құқықтық және мемлекеттік басқару мектебінің ұйымдастыруымен  мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жыл қызмет атқарып келе жатқан қоғам қайраткері,  Алматы қаласы Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілі Бахтияр Камаловпен  кездесу өтті.  Кездесу барысында өзекті мәселелер қозғалып,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,  құқықтық заң бұзушылыққа жол бермеу мәселелері талқыланды. 

Кездесудің кіріспесін ашқан Құқықтық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сәрсенбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – жалпы қоғам мәселесі екенін, жастардың осы мәселені назардан тыс қалдырмай,  заңсыздыққа жол бермеуі керектігін  айтты.

Өз кезегінде студенттермен кездесуге келген Бахтияр Камалов  «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде: тарихи ретроспектива» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс қазіргі Қазақстандағы ең өзекті мәселелердің бірі — сыбайлас жемқорлықпен күреске арналды. Бұқаралық ақпарат құралдарын бақылау және Мемлекет басшысының соңғы шешімдерін, атап айтқанда кейбір мемлекеттік органдардың қайта ұйымдастырылуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл функцияларын Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру туралы шешімі талданып, қаралып отырған мәселелердің ерекше өзектілігі айтылды. Іс-шараның мақсаты — сыбайлас жемқорлықты күрделі әрі көпқырлы қоғамдық құбылыс ретінде тереңірек түсіндіру. Бұл мәселені еңсеру үшін кешенді, жүйелі тәсіл мен мемлекет, қоғам, ғылыми қауымдастық және практиктердің күш-жігерін біріктіру қажет.

Бахтияр Камалұлының дәрісінде атап өтілгендей, Transparency International халықаралық ұйымының мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан сыйбайлас жемқрорлықпен күрес рейтингінде  180 елдің ішінде 88-орынға ие болып, 40 балл жинаған. Бұл деректер республикада сыбайлас жемқорлық деңгейінің әлі де жоғары екенін көрсетеді. Қабылданып жатқан шаралар мен жүзеге асырылып жатқан реформаларға қарамастан, бұл мәселе әлі де маңызды және үнемі назарда болуды талап етеді.

Өз сөзінде Бахтияр Камалов қоғамда сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруда әрбір азаматтың, қоғамдық өкілдердің, бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөл атқаратынын атап өтті.  Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауына қатысты түсініктеме берді. Атап айтқанда, адалдық, шыншылдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық қағидаттарын сақтау қажеттілігі айтылды. Қызметтік этика стандарттары да жоғарылағаны атап өтілді.

Кездесу барысында студенттер Бахтияр Камалұлына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оғаш тұщымды жауаптар алды. Студенттер «жасанды интелект арқылы сыбайлас жемқорлықты азайтуға бола ма, блокчейн қызметін қалай тиімді етуге болады,  жалпы, қоғамдағы жемқорлықты жою үшін қандай стратегиялық жоспарлар құру керек» деген сауалдар қойды. 

Ал сұраққа жауап берген спикеріміз «Заң бар жерде темірдей тәртіп болатынын, сондықтан да әр адам қоғамды түзеу үшін алдымен өзі түзелу керектігін, заңға бағыну қажеттігін» сөз етті. 

Сөз соңында Құқықтық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры Талғат Сәрсенбаев келген қонаққа ұжым атынан алғыс білдірді. Сондай-ақ осы шараны ұйымдастырған әріптестеріне шығармашылық табыс тіледі, ал  студенттерге аға буыннан үлгі алып,  жақсы дүниелерді көңілге түйіп  қоғамға пайдалы істермен айналысуға кеңес берді. 

Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, мемлекеттік қызмет институттарына деген сенімді нығайту жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, алған білімдерін кәсіби қызметтерінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді. Жалпы, университет қабырғасында өткен бұл талқылаудан  түйгеніміз: әр адам өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда белсенділік танытуы керек. Мемлекеттік қызметшілер Әдеп нормаларын сақтауға тиіс.  Қоғам өркендеп дамуы үшін, экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайымыз жақсаруы үшін  алдымен  заңға бағынып,  заңда көрсетілген нормаларды мүлтіксіз орындауымыз қажет.  Сол кезде Қазақстанның өркендеу жолы да жарқын болмақ.

Кездесу соңында спикер Бахтияр Камалов Narxoz University Құқықтық және мемлекеттік басқару мектебінің ұжымына сәттілік тіледі.

Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА

«Кәсіби жолдың бастауы» атты тағылымдық кездесу ұйымдастырылды

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы бастамасымен...

Конкурс

Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан объявляет конкурс...

Байқау

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан...

Атыраулық ҚАЖД қызметкерлері ерекше балаларды қуантты

«Бала қуанса, әлем қуанады» деген ниетті алға тартқан Атырау...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...