Оқу-ағарту министрлігінің жұмыс тобы Жамбыл облысының мектептеріне әдістемелік көмек көрсетуде

ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес 22–26 қыркүйек аралығында Жамбыл облысында бала құқықтарын қорғау саласында әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобы қызмет атқаруда. Жаңа оқу жылының басында өңірде орын алған қайғылы жағдайларға байланысты ұйымдастырылған бұл жұмыс педагогтерге қолдау көрсетуге, балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, құқықбұзушылықтың себептерін анықтау және ата-аналарға жеке кеңестер мен түсіндіру жұмыстары арқылы көмек көрсету міндеті көзделген.

Жұмыс тобы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жетекшілігімен құрылып, бес шағын топқа бөлінген 25 маманнан тұрады. Құрамына білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департамент өкілдері, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Өркен» балалардың әл-ауқаты арттыру институтының сарапшылары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдары, психологиялық қолдау орталықтарының директорлары мен тәжірибелі сарапшылар енеді.

Мамандар Тараз қаласы мен облыс аудандарындағы мектептерде болып, педагогтермен, оқушылармен және ата-аналармен кездесулер өткізіп, әлеуметтік-психологиялық ахуалды зерделеуде. Сондай-ақ мектеп директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге буллингтің алдын алу, деструктивті мінез-құлықты анықтау, ата-аналармен тиімді өзара іс-қимыл жасау және психологиялық-педагогикалық қолдаудың сапасын арттыру мәселелері бойынша семинарлар өткізілуде.

Министрдің тапсырмасына сәйкес аталған жұмыс ұзақ мерзімді әдістемелік қолдау форматында жалғасады. Іс-шаралар республикалық «ДосболLIKE» антибуллинг бағдарламасымен және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасымен интеграцияланады.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...