12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Оқу жылын «Білім – Отаным» бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарланып отыр

Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуы және осыған байланысты еліміз бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтағалы отыр. Оның ішінде бастауыш сыныпты 391 мың, негізгі мектепті 364 мың бала бітіреді. Мектеп бітірушілер саны — 217 мың. «Алтын белгіге» үміткерлер саны алдыңғы жылдардағыдай 5%-дан аспайды», — деді министр.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, оқу жылын «Білім – Отаным» бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, педагогикалық кеңестің шешімі бойынша мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» іс-шарасы 23 немесе 24 мамырға жоспарланған. Осылайша әр мектеп соңғы қоңырауды өткізу үшін жұма немесе сенбі күнін таңдай алады.

Аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі 18-20 маусымға белгіленді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 9 және 11-сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамырдан 16 маусымға дейінгі аралықта өткізіледі.

Шерзат ісі бойынша сот процесі: прокурор қандай жаза талап етті?

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

“Байқоңыр“ ғарыш айлағы құрылғанына 70 жыл: Мемлекет басшысы үндеу жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Байқоңыр" ғарыш айлағы құрылғанына 70 жыл толуына орай видеоүндеу жолдады.

«Ұлттық қор балаларға» бастамасы аясында 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды

"Ұлттық қор балаларға" бастамасы аясында 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды.

Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы анықталды

Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы анықталды.