12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚҰНЫКЕР

Өлерінде Сейітжаппар: Жол торыған Қайырғали қарақшыдан қорқыңдар, – деген еді. Бір күнде жоғалып, екі күнде табылған қос өліктің бет-аузы адам танымастай өзгерген, өрттен қашқан ба, от тиген бе, белгісіз. Екеуі бірге ме, әлде бөлек пе, қатар болса, үшінші жақ кім? Енді Қайырғали қазасына жиылған жұрт, қаралы ауыл бұл сөздің жұмбағын шеше алмай, дағдарып, таусылып отыр. Қапан түнде, қалың жылқы үйіріліп, елегізіп, үркердей топтанып, жан-жағына қарап кісінегенін сөз қылды. Көпке дейін тыныштала алмаған арғымақ құлағын түріп, қайшылап, төңірегін дүркін-дүркін үрке шолып, мазасызданған көрінеді. Дәл сол мезгіл, – деді Манап. Манап – көзін тырнап ашқан бала күнінен бастап мал соңында жүрген, шаруаға епті, тәжірибелі бақташы. Ірі қара, қой-ешкі соның мойнында, елдегі сөзі өтімді ер-азаматтың бірі де бірегейі. Мал да тұрып кетті.
– Жол торыған Қайырғали қарақшыдан қорқыңдар, – депті.
– Кімге айтыпты? Бәрі бір-біріне қарады.
– Өз құлағымен естіген біреу бар ма?
Үнсіздік жайлады.
– Қапан, сен ше, сен қайдан естіп келдің?
Ел аң-таң.
– Біреуің айттыңдар. Шыбынның ызыңы шықты. Еркін. Әрі-бері дамыл таппай ұшып жүр. Үй іші құлаққа ұрған танадай тыныш.
– Қайсысың едің, білмеймін. Тіпті, жақсы. Қария көзін жұмды. Сырттан үрген иттің дауысы келеді. Бөріге тосқауыл, қасқырға кедергі сол ғана. Сөзін жалғастырды: Екеуінің арасы қандай еді, іздеңдер, табыңдар. Бейтарап, кек сақтаған жоқ, бірбіріне қашанда бауырмал болды.
– Меніңше, Сейітжаппарды өлтірген – Қайырғали.
– Сонда, Қайырғали неден өлді?
– Оны жылан шақты.
– Айналайын! Ағайын-туыс, ойынкүлкінің орны емес, екі бірдей азаматымыздан айырылып отырмыз.
– Дәу де болса екеуі бір-бірін жаралап өлтірді.
– Әй, қайдам. Құдайын білетін адамдар, өлімге бармайды, мүмкін емес. Бізге барлық дерек маңызды, дерек неғұрлым көп болса, соғұрлым пайдалырақ. Жарып тастады. Иә, содан қансырап өлді, елге жетеміз деп жолда қалды. Ақсақал разы емес. Жауаптың бәрі – бір жақты.
– Мүмкін, екеуін бір адам өлтірген шығар.
– Ғарифолланың көргені – үш салт атты. Бірақ, қарусыз болған дейді.
– Қайдан біледі, қаруды жасыру қиын боп па? Даладан сауыт киімін салдырлатып жас бозбала кірді. Қолындағы қанжары. Жалт-жұлт етеді.
– Сейітжаппардың кегіне! Екпіндеп сөйлеп келе жатып, жібек торғын пердеге оратылып, шалынып, шымылдықпен бірге керегелерді қисайтып барып құлады. Киіз үйдің бір жағы опырылып түсті. Бір үстел қауым, бәрі, дастарқан басында отырған қалпы, ашық аспан астында, далада қалды.
– Жол болсын, батыр.
– Қазір, ақсақал. Жас батыр пердені бырт-бырт үзіп, жіптерінен босанып жатты. Сосын, оңды-солды қанжарын сілтей бастады. Қанжары шапқан сайын кесіп түседі, жібек перденің жұлма-жұлмасын шығарды. Кенет екі қолын созып, қарияға ұмтылды. Күтушілер керегелерді көтеріп, қайта бір-біріне басын шалып байлап, тұрғызып қойды.
– Ассалаумағалейкүм!
– Уағалейкүмассалам!
Тізесін бүгіп, шөкелеп отырды да: Ата! – деді.
– Айт, қарағым.
– Сейітжаппардың баласымын.
– А, таныдық, таныдық.
– Әкемнің кегін қуып келдім. Тоқыған өрмектей қым-қуыт, сансала дүниенің жүйесін таппай, шатасып, біз де қапелімде құныкерді айқындай алмай қиналып қалдық.
– Иә, батыр, мәселе ушығып тұр, күрделі жайт бастан өтті, менің көргенім үш салт атты, көз ұшында кетіп бара жатты.
– Оны несіне айтып тұрсыз?
– Әй, бала, әдеп сақта, сенде бар қанжар бізде де бар.
– Ғарифолла, қой, балам, сен де тоқтат. Қылыш үстінде серт жүрмейді.
– Ата, кісі өлтіруші кім?
– Бұл жерде мәселе анық емес, екі адам өліп отыр. Үшінші, төртінші адам туралы еш ақпарат жоқ. Екеуі бір-бірін өлтірген болуы мүмкін. Бала батыр ширықты. Қанжарын екі-үш мәрте топыраққа қадап алды. Жанары жарқ-жұрқ етеді. Түсі суық, қатал.
– Нағыз ел қорғайтын батыр екен! Қашықтан ат дүбірі естілді. Дүрсілдеп келіп те қалды. Киіз үйдің іргесінен тоқтап, шылбырды күтуші жігітке тастай салды да, қайта құлаған керегелерді үстінен басып, қирата жүріп, дастарқанға жетті, тізе бүгіп, қарияға қарай сөйледі. Оған қымыз ұсынды, алдына ас әкелді: буы бұрқырап қазаннан жаңа түсірілген ет келді. Сырттағы жұрт киіз үйдің бір жақ жарты шетін қайта көтеріп, жауып қойды.
– Алдияр!
– Сөйле, бауырым. Қырғын болуы ықтимал, кісі өліміне апарып соқтығуы мүмкін.
– Қара аспанды төндіре бермей, не білесің, айтсаңшы!?
– Ауылға қалың қол келе жатыр.
– Е, неғып?..
– Құн талап етпек, сияз құрмақшы.
– Қайдағы сияз, құныкерді анықтамай, біздің ауыл қалай шығынға батпақшы.
– Көрген кісі бар дейді, Сейітжаппарды мерт еткен – Қайырғали.
– Оттамасын! Екеуі де бізге сүйек-шатыс, бір атаның ұрпағы бір-біріне қол көтерді дегенге сенбеймін.
– Анық жала.
– Бізге Қайырғали қандай болса, Сейітжаппар да сондай. Қырдың үстіне шоқытып екі-үш атты шыға келді де, артынан қол көрінді. Тегіс қаруланған. Көлденең ұстаған құрық, сырғауыл, шоқпар арасында суық қару жоқ, иіріп-иіріп тастауға даярлап қойған шалма, бұғалық бар. Көліктері тебіндеп, жусап келеді.
– Бұнысы несі, тағы да! Қол қаптай желе жортып, ауылды қоршап алды. Тілегендер аттан түсіп, алдиярға қарсы жүрді. Екі жақ орта жолда кездесіп, шүйіркелесіп қалды. Сосын, бері құлады.
– Армысыздар, ағайын!
– Етке келіңіз. Жез құмыра қолдан-қолға көшіп барып қонақтар отырған жерге жетті. Жас жігіт легенге еңкейтіп, меймандарға су құйды. Қайта бір астау ет үстелді жағалап жүзіп келе жатты.
– Өстіп, екі азаматымыз фәниден озды. Жұрт тегіс үнсіз. Қонақтардың екпіні басылып қалыпты. Турап жатқан етке көз тігіп қарап отыр. Ет майлы қамырға шолп-шолп құлайды. Дәмді шығар.
– Біреуінің күйген жүзінде күлкінің көмескі ізі бар, екіншісінің беті тұтас жанып кетсе де, қорқынышы қалыпты. Қатты үрейленсе керек, айғайлап жатып жан тапсырғанға ұқсайды.
– Сонда, мүрделер екі жақтан табылған ба?
– Иә, Тілеген.
– Бұ қалай?
– Меніңше, – деді Қапан, – қорыққаны бірінші өлген, екіншіcі күліп тұрып өлтірсе керек. Мәселе, екі өлік бір-бірінен тым алыста жатыр.
– Онда, бұл кемінде тағы бір не екі адам қатысқан қылмыс.
– Сосын, атпен сүйреткен, бастары мылжа-мылжа, күйе-күйе. Өртегендері бар. Әбден қорлаған, тірісінде ме, өлген соң ба, белгісіз.
– Біз мына түрімізбен қылмыскерді таппаймыз. Келген қонақтың үлкені Тілеген мырза да уақиғаның ұшығын таба алмай қойды. Әбден шатасты. Басы мен аяғы жоқ бір нәрсе. Шынтақтай көтерілді:
– Біз кеттік, сарбаздардың қарны ашты.
– Иә, бәрі ұйықтап отыр.
– Не үшін өлтіруі мүмкін, қажеттілігі қанша?
– Мүдделілігін айтсаңшы.
– Ұрыға кәсібін тастаттық, қарақшы
жаман ғадетін баяғыда қойған.
– Ескі кек пе екен? Уақыты өткен қылмыста негіз жоқ. Екеуінің тек атақтары ғана қалды: қарақшы Қапан, Сейітжаппар ұры.
– Әрі қазақ жортуылда адам өлтірмейді, мертіктіруі мүмкін, бірақ, өлімге қимайды. Көрші ауыл қайыра атқа қонды. Хабар алысып тұрамыз, – десті,
– қылмыскерді, бәрібір, қанша түлкі бұлаңға салса да, табамыз. Тасырлатып, аттылар жүріп кетті. Ерте қойғандары дұрыс болды. Екі жаңа мола оқшауырақ тұр. Қария батқан күнге қарады. Қып-қызыл. Олжаның белгісі. Ертең мәнжай айқындалып қалар. Өліктің орнын, жан-жағын тағы бір тексеріп, мұқият зерттеп-зерделеп шығу керек. Гәп уақытта. Бірге өлтіріп, кейін өлікті екі жаққа шашып кетуі мүмкін. Кешке, қызыл іңірдің соңын ала ауылға үш жолаушы кірді. Бірі, жолбастаушы, шәй үстінде үнсіз отырды, тіс жармады, томаға-тұйық келді, суық амандасты, жылдам асын ішіп, қысқа қоштасты. Тез кетіп қалды. Бұл жақтың адамына ұқсамайды. Меймандар кеткен соң, Алдияр ақсақал жұртты шақыртты. Ел азаматтары тегіс атқа қонды, сосын, қуғыншылар үш салт аттының ізіне түсті, өше қоймаған шала жанып біткен, сөнген от орындары кездесе бастады, өрт шалған, өртенген жерлердің біразы әлі қызып, қызарып жатыр, қария анық таныды – көмір, кен орны.
– Неге таласқандары түсінікті болды. Байқадыңдар ма, манағы үш қонақтың кірпіктері қап-қара, ал қабақтары – жанып кеткен, дәлірек – жидіп түскен.
– Бәсе, көздері маған біртүрлі көрінді, – деді Қапан.
Алдияр ақсақал ат тізгінін тартты. Қаракөк тұра қалды. Жұрт қаумалай қоршады.
Ендігі әңгіме-дүкен былай: біз қайта оралғандарын күтіп жүре алмаймыз, қазір аттанамыз, еліне жеткізбей тоқтатып, қол-аяғына кісен салып, жалаңаяқ қалаға айдап апарамыз, өкімет өзі шешсін.
– Қарсылық көрсетсе ше?
– Жан пида!
– Аруақ! Аруақ!
– Онда, ұлы бабаларымыздың рухы қолдасын!
– Алға, жігіттер! Ұрандаған жұрт шуласып көз байлаған қараңғылыққа сіңіп бара жатты.
Дидар АМАНТАЙ

[ratings]

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...

Үкілі кер

Үш күн өтсе де, Нұржан үйіне оралмады. Ат та...

СОВЕСТЬ

Начинался новый ХХІ век. Стояла морозная снежная зима, последние...

Екі әріптің әлегі немесе опердың опасыз операциясы

Жұман бүгін ұйқысынан көңілсіз оянды. О бастан далада туып,...