Нұрғали Аппазов ұсталды: бұрынғы әкімнің оқиғасы қалай жалғасты?

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазовтың ұсталғаны туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, сот шешімін орындау аясында 15 қарашада Аппазов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Қазіргі уақытта ол жазасын әрі қарай өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесіне жіберіледі», – деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов алғаш рет 2020 жылы белсендіге қарулы шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған болатын. Екінші рет ол 2022 жылы әкім қызметін атқарған кезінде жерге байланысты жасалған алаяқтық әрекеттері үшін сотталған.

Сот шешімі бойынша, ол жалпы алғанда 8 жылға бас бостандығынан айырылып, 2030 жылы бостандыққа шығуы тиіс еді. Алайда Tengrinews.kz тілшілері 2023 жылдың қазанынан бастап Аппазовтың ҚАЖК жүйесінде тіркелмегенін анықтады.

Алматы облыстық сотының редакция сауалына берген жауабында, 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Қонаев соты оның жазасын айыппұл түріндегі жеңіл жазаға ауыстырғаны айтылды. Алайда 2024 жылдың 8 ақпанында екінші сатыдағы сот жазаны жеңілдету туралы шешімнің күшін жойды.

Бірақ осыдан кейін Аппазов қамауға алынбағаны белгілі болды және ҚАЖК деректері бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тіркелмеген.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.