Нұрәлі Әлиев өкілетін тоқтатты

Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Нұрәлі Әлиев Instagram-да мәлімдеді. Оның айтуынша, акционерлер құрамынан шығып, компания сатылуына байланысты директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған.

«Транстелеком» — қазақстандық ірі байланыс операторларының бірі, телекоммуникация және IT-қызметтермен айналысады. Forbes мәліметтері бойынша Unit Telecom арқылы компания акцияларының 75 пайызына иелік етушілер — Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупателев. Қалған 25 пайызы «Қазақстан темір жолында». Бұрын компания мемлекетке тиесілі болды. 2015 жылы «Транстелеком» 9 миллиард теңгеге жекешелендірілгені хабарланды.

2022 жылғы сәуірде Үкіметке «Транстелекомды» сату жөніндегі мәміле салдарынан мемлекетке келтірілген залал мәселесін зерттеу ұсынылды.

Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев — Дариға Назарбаеваның ұлы.

Фото: Марат Құрақов/Астана әкімдігі/Kazpravda.kz

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.