Әнші Кентал өзінен 14 жас кіші, өзге ұлттың қызына үйленді

Әнші Кентал сүрбойдақтар қатарынан кетті. Кентал пандемия кезінде некелесіп, заңды түрде ерлі-зайыпты атанғанын айтты. Үйленгеніне 6 ай болған ол отбасылық қызықтарын тізіп берді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды, — деп жазады shynyrau.kz. 

Кентал өзінен 14 жас кіші қызбен шаңырақ құрды. Өзге ұлт өкілімен қол ұстасқан өнер иесі жеке өмірі жайлы ашыла айтты. Әйелімен қалай танысқанын жеткізді.

«Жарымның есімі — Милана. Менен 14 жас кіші. Өзге ұлт өкілі. Ортақ достарымыз таныстырды. Досым өзінен біршама жас кіші қызға үйленген еді. Олардың қуанышында болдым. Сосын досымның келіншегінен сұрастыра бастадым. Өзі қатарлы жас қыз болса, үйленуге дайын екенімді айттым. Солайша Миланамен таныстым. Құрбысы таныстырды. Милана өте ұяң, өте тәрбиелі қыз. Артық жүрісі жоқ. Қыдырып көрмеген қыз. Сонысы ұнады. Үйленуге ниет білдірдім. Егер отбасылық өмірдің осыншалық керемет екенін білгенде, баяғыда үйленер едім», — деді әнші.

Милананың ұзату тойы да, үлкен той да аяқсыз қалған. Себебі екі жастың қуанышы карантинмен қатар келген еді.

«Милананың ұзату тойына дайындалып жүргенде, карантин басталып кетті. Солай той өтпеді. Үлкен тойымызды да жасамадық. Себебі тойда шектеу жасағымыз келмеді. Қонақтар санын шектегіміз келмеді. Бәрі оңалған соң ұлан-асыр той жасаймыз. Ол кезде мүмкін баламы да шауып жүрер. Әйелім жүкті. Бала күтіп жүрміз. Айы-күні жетіп отыр. Сол күндерге жетейік», — деді Кентал.

Әнші бұған дейін жары жайлы бірнеше рет айтқан еді. Ел алдында сүйіктісіне ұсынып жасап, оң жауабын алғаны есте. Кентал қалыңдығының артық жүрісі жоқ, жігітпен кездесіп көрмеген қыз екенін де айтты.

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...