Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Порталда орналастыру және жария талқылау тәртібі «Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларымен» (ҚР Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 30 қыркүйектегі №849 бұйрығымен бекітілген бұдан әрі-Қағидалар) айқындалады.
Заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жария талқылау үшін Порталда орналастыру мерзімі он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Барлық деңгейдегі бюджеттерді бекіту туралы шешімдер қабылдауды көздейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша жария талқылау үшін орналастыру мерзімі күнтізбелік бес күнге дейін қысқартылады.
Тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдау туралы мемлекеттік комиссияның шешімдерін іске асыру үшін жария талқылау үшін орналастыру мерзімі күнтізбелік бір күнді құрайды.
«Ашық НҚА» порталы азаматтардың нормативтік құқықтық актілердің және заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын қарауға қатысуына мүмкіндік береді.
Яғни, әрбір азамат жарияланған нормативтік құжаттармен танысып, жетілдіру бойынша ұсыныстар жасай алады.
Дегенмен
Азаматтардан түскен ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды НҚА жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қарайдыжәне негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдау не қабылдамау туралы қабылдаған шешімді Порталда орналастырады.
Ақпаратты пайдаланушылардың жобаларды жария талқылау үшін әзірлеуші мемлекеттік орган белгілеген мерзімдер аяқталғаннан кейін келіп түскен ескертулері және (немесе) ұсыныстары қаралмайды.
Ескертулер және (немесе) ұсыныстар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оператор негіздемелерді көрсете отырып, жариялаудан бас тартады.
Қағида талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жариялау тәртібі әзірлеуші мемлекеттік органдары тарапынан сақталмауы жиі кездеседі. Атап айтқанда:
-Әзірлеуші — мемлекеттік органдар жобаларды жариялау кезінде «жоба түрі» бөлімінде жобалар санаттарын дұрыс таңдамауы
-Келіп түскен пікірлерге (ұсыныстарға) жауап беру мерзімдерін бұзу
-Жобаларды Порталда тиісті құжаттарсыз орналастыру
-Жария талқылау мерзімдерін бұзу;
НҚА жобаларын Порталға орналастыру және жариялау кезінде әзірлеуші мемлекеттік органдар аталған бұзушылықтарға жол бермеу қажет.
Ү.Құлымбет
Түркістан облысы
Әділет департаментінің
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы