Несие тарихына не әсер етеді және оны жақсартуға бола ма?

Егер несиені бірінші рет алып жатпасаңыз, банктен ақша алуыңызға несие тарихы әсер етеді. Яғни олар бұрынғы несие мен қарыздарыңыз бойынша міндеттеріңізді қалай атқарғаныңызға қарайды. Қазіргі таңда Қазақстанда несие тарихына не әсер етеді және оны жақсартуға бола ма? Бұл сұрақтарға кредиттік брокер Дмитрий Колесников жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брокердің айтуынша, қарыз алушы несие тарихын өз бетінше өзгерте алмайды. Мерзімінен кешіккен қарызды жапқаннан кейін қандай да бір уақыт күту керек. Бұл кезең әр банктің саястына байланысты және ол әдетте 2 жылдан 3 жылға дейінгі уақытты алады.

«Несие тарихы мәселесіне басқа жағынан қарау керек және оның нашарлауының себептерін түсіну керек. Негізінен екі жағдайды қарастыруға болады. Біріншісі, қарыз алушы қанша несие берсе, соны алады және өзінің кірісі мен төлемдерінің ара қатынасына қарамайды. Бұл ақымақтық: адам несиені жағдайына қарап алу керек. Екінші — алаяқтардың әрекеттері. Бұл жағдайдың алдын алу үшін eGov-та несие алуға тыйым салу арқылы өзіңізді қорғай аласыз. Қазір мұндай мүмкіндік бар», — деді сарапшы.

Несие тарихын бұзып алмау үшін маман микрокредит алмауға кеңес берді, өйткені банктер үшін бұл клиенттің өз міндеттемелері бойынша төлеуге ақшасы жоқ екендігін көрсететін айқын сигнал. Сонымен қатар, кейбір банктерде келесі ереже қолданылады: егер адамда үш микрокредиттен көп болса, оған автоматты түрде бас тарту келеді.

Мемлекет тарапынан халықтың несие алу деңгейін төмендету үшін тұрақты түрде реттеуші шаралар енгізіліп жатыр. Мысалы, қыркүйекте некеде тұрған қазақстандықтар серігінің келісімінсіз 1000 АЕК-ден (2024 жылы 3 692 000 теңге) асатын сомаға несие ала алмайтыны туралы норма күшіне енеді. Сарапшының айтуынша, бұл өте орынды, себебі көп жағдайда адам несиені серігіне айтпай алады.

«Мен сондай-ақ кепілдік несиелерге назар аударғым келеді: осы жылдың 1 сәуірінен бастап кепілдің болуы несие алуға мүлдем кепілдік бермейді, өйткені енгізілген өзгерістерге сәйкес борыштық жүктеме коэффициенті барлық жеке тұлғалар үшін есептелінеді. Бұл дегеніміз, Қазақстанда кірісті растаусыз несиелер болмайды. Оның жақсы немесе жаман екенін уақыт көрсетеді. Иә, одан халықтың несие алуы азаяды, бірақ шағын бизнестің даму қарқыны да төмендеуі мүмкін. Себебі көптеген адамдар өз істерін бастау үшін жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, несие алатын, бірақ енді олар мұндай мүмкіндіктен айырылды», — деп бөлісті Колесников.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.