Несиеңді жауып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы «3 000 000 теңге несиеңді жауып беремін» — деп, әбден сеніміне кіріп, одан 380 000 теңге ақшасын алған. Арада 5 айдан аса уақыт өтсе де, берген уәдені орындамаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті жұмыстардың барлығын жүзеге асырды. Олар жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, аталмыш қылмысқа қатысы бар бұрын сотты болған күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер ер адамды Полиция басқармасына жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші ауылдастар. Күдікті жәбірленушінің бірнеше банкте берешегі барын білген соң, таныстары арқылы көмектесе алатынын айтқан. 3 000 000 теңге берешекті, бар-жоғы 380 000 теңгеге ертесі күнгі кешке дейін жабылатындығын айтып, оның жеке куәлігінің көшірмесімен қоса алып кеткен. Алған ақшаны жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері күмәнді қызмет ұсынатын таныс және бейтаныс адамдардан сақ болуды ескертеді. Сонымен қоса, өзіңіздің жеке құжаттарыңызды бермеуге кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

РОЛЬ СУДА ПО ДЕЛАМ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ В ЗАЩИТЕ ПРАВ ДЕТЕЙ

Защита прав и законных интересов несовершеннолетних является одной из...

Әке болуды даулау: құқықтық негізі мен сот тәжірибесіндегі маңызы

Отбасы институты – қоғамның негізгі тіректерінің бірі. Осыған байланысты...

AI-SANA: СТУДЕНТЫ КАЗАХСТАНА РАЗРАБОТАЛИ БОЛЕЕ 440 ИИ-ПРОЕКТОВ

AI-SANA: СТУДЕНТЫ КАЗАХСТАНА РАЗРАБОТАЛИ БОЛЕЕ 440 ИИ-ПРОЕКТОВ Одним из ключевых результатов...

Тимур Турлов: «Мы — нация технооптимистов и предпринимателей»

Провёл прекрасное воскресенье в Алматы по дороге из Японии...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі: құқықтық мәртебесі мен басымдылығы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің құқықтық мәртебесі,...