Несие бойынша кімдердің төлемі кейінге қалдырылады: қаулы жобасы жарияланды

«Ашық НҚА» порталында «несиелік демалыс» автоматты түрде берілетін азаматтар санаты туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімі және оны аяқтағаннан кейін 60 күн қамтылатын кезеңде банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарызы және (немесе) микрокредиті бойынша сыйақы есептелмей, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемі кейінге қалдырылады», — делінген құжатта.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.