Несие алудың жаңа жүйесі 1 қыркүйектен бастап жүзеге асады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың электрондық үкімет порталында несие алудан ерікті түрде бас тарту құқығы бар екенін еске салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тиісті норма биыл ақпанда заңды түрде енгізілді. ҚНРДА мәліметінше, бүгінде 461 мың азамат несие алудан өз еркімен бас тартуды ресімдеді.

«Заңмен 1 қыркүйектен бастап несие берушілердің несие алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу кезеңінде заңсыз ресімделген азаматтардың кредиттері бойынша борышты есептен шығару міндеті қосымша енгізіледі», — деп хабарлады агенттік.

Бұдан басқа, 20 тамыздан бастап кклиентті биометриялық сәйкестендірусіз электрондық банктік қарыздар мен онлайн-микрокредиттер беруге тыйым салынды. Сол күннен бастап борышкерлер алаяқтық кредиттер бойынша тергеу іс-шараларын жүргізудің барлық кезеңіне сыйақы есептеуді және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндетті болады. Бұл ретте клиентке қойылатын талаптар клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тәсілмен қарызды ресімдеу дерегі анықталатын заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тоқтатылуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...