Некені тоқтатудың құқықтық негіздері

Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану)некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.

Ерлі-зайыптылар арасында некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы ата-аналар мен осы некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалар арасындағы құқықтық қатынастарды үзбейді және тоқтатпайды.

 Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы, сондай-ақ сот оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылады.

 Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімдері күшін жойған жағдайда ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) қалпына келтіруі мүмкін.

 Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде тараптарға (немесе тараптардың біріне) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған жұбайы тірі екені белгілі болған жағдайларды қоспағанда, егер басқа зайыбы жаңадан некеге отырса (ерлі-зайыпты болса), некенің (ерлі-зайыптылықтың) қалпына келтірілуі мүмкін емес.

Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, тіркеуші (АХАТ) органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.

Сот тәртібімен некені бұзу неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін.

Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды.

Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке (ерлі-зайыптылық) бұзылатын болады.

Жәнібек аудандық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Жемис Махсотова

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...