Неке және отбасы қатынастарынан туындайтын дауларды сотқа дейін шешу

Бүгінгі күні басты мәселе жас жанұя құрғандардың тату болып, жанұяны сақтап қалу мәселерге көп көңіл бөлу қажет. Отбасылық дауларды сотқа дейін реттеген жөн, яғни қазіргі таңда барлық аймақтарда кәсіби медиаторлардың кеңселері ашылып, дауларды шешетін медиаторлар жұмыс жасайды. Сондықтан, отбасы мәселесі бойынша бірден сотқа жүгінбей, соттан тыс реттеу мүмкіндігі бар екенін сот тарапынан және басқа мемлекеттік органдар насихат жүргізу керек. Азаматтық заңнамада татуластыру рәсімін енгізу азаматтық процесстің кез келген сатысында дауды тиімді реттеуді дамытуға қазіргі уақытта үлкен серпін берді. Ең негізгілерінін бірі талап қою арызды қабылдау кезінде он жұмыс күн ішінде татуласуды жүргізу болып табылады. Бұл артық уақытты, ақшаны және жағымсыз эмоцияларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Осы бағытқа арналған шаралардың бірі медиатор судья тараптарға өздерінің құқықтарын пайдалануға көмек көрсетіледі және азаматтық істі бейбіт жолмен аяқтауға ұсынылады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары мүдделі тұлғалармен, яғни дағдарыс орталығымен, психологтармен, әлеуметтік қызметтермен және медиаторлармен бірлесіп, неке-отбасы дауларының деңгейін төмендетуге бағытталған профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Қазіргі уақытта неке бұзу туралы талап қою арыздар өте көп. Сондықтан, талап қою арызды қабылдау сатысынан бастап, мәні бойынша қаралып болғанша, отбасыларды сүйемелдеу мақсатында татуластыруға тырысып, татуласпаған жағдай татуласу үшін уақыт беріп, балалардың келешегін ойлау керектігін түсіндіріп, ал татуласпаған жағдайда әкесінің балалармен қарым-қатынас жасауға бейбітшілік жолмен шешуге бағыт беріледі.

Кейбір жағдайда неке бұзу туралы талап қою арызды бергенде жанжалды жоққа шығаратын жағдайлар бар. Сол кезде судья татуластырушы татуластыру рәсімін жүргізіп, сотқа арыз берген себебін, жанжалды жоққа шығаратын жағдайлар болады. Бұндай жағдайда жауапкерге, талап қоюшыға көбірек назар аударып, оны дұрыс түсініп, татуластыру рәсімінде ерлі-зайыптыларды судья татуластырушы тыңдап, оларға бір-біріне түсіністікпен қарауға бағыт беру қажет.

Медиация шеңберінде келіссөздер жүргізу процессі екі тарапқа қалыптасқан жағдайды шешуде ортақ пікірге келуге, ымыраны табуға не тараптарды отбасылық қатынастарды сақтауға немесе мүлікке, балаларды күтіп-бағу және тәрбиелеу мәселелеріне байланысты болуы мүмкін психологиялық және құқықтық проблемалардың шешімін барынша жанжалсыз табуға көмектеседі. Медиацияның көмегімен тараптар жағдайға жаңаша қарайды және өздерінің мүдделерін бағалайды.

Сондықтан, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда татуластырушы судьялардың ролі өте үлкен, маңызды жұмыстар атқарады, барынша екі жақты татуластыруға тырысады. Татуластыру рәсімінде татуласпаған тараптарға азаматтық істі қарайтын судья екі жаққа татуласу үшін уақыт береді.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы        А.Е.Мусина

Семейная трагедия: дополнительные обстоятельства 

СУД ПО ДЕЛУ ОБ УБИЙСТВЕ СЕМЬИ В АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...

Сотрудники учреждения максимальной безопасности УИС по области Абай посетили Детский дом №8 города Семей

Сотрудники учреждения максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім...

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әділетті қоғамның басты талабы

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі әлем елдерінің барлығына ортақ...