12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Неке ойыншық емес

«Үйлену оңай, үй болу қиын» дегенді ұрпағының санасына құйып өскен халқымыз некелік одаққа үлкен жауаптылықпен қараған. Содан болар, «Анасын көріп қызын ал», «Ұлың жақсы болсын десең ұлы жақсымен ауылдас бол» деген тәмсілді назарында ұстап, ұл-қызының тағдырын кіммен байланыстырғалы отырғанына терең мән берген. Үлкен отаудың жанынан бөлінген жас отаудың түтінінің түзу ұшып, жастардың жарасып кетуіне де үлкендер барынша жағдай жасаған. Ал қазір қалай? Қазір осы ата-бабамыздан келе жатқан игі дәстүр үзіліп, өз құнын жоғалтып алды. Бұрынғыдай ұл-қызының таңдауына араласатын ата-ана аз. Жас отбасына қамқорлық көрсетіп, екі жастың түзу жолға түсуіне көмектесетін үлкендер жоқтың қасы. Керісінше, кейбір ата-аналар әр нәрсені сылтауратып екі баланың ажырасуына теріс ықпал етіп жатады. Үлкен отбасының құндылығын дәріптеп, шаңырақтың маңызын шегелеп түсіндірмеген соң бүгінде жастар некені ойыншыққа айналдырды. Бүгін үйленіп, ертең ажырасуға арыз жазған жастар туралы басқа не деуге болады?

Ажырасуға себеп болып отырған жағдайлар әртүрлі. Соның ішінде мінезінің үйлеспеуін, тұрмыстық қиындыққа шыдамағанын, ата-анасымен тіл табыса алмағанын, жарының көзіне шөп салғанын, жұбайының араққа, есірткіге, құмар ойындарға салынып кеткенін желеу етіп, неке бұзғысы келетіндер көп.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі некені тоқтату тәртібін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт. Осы құжаттың 16-бабына сәйкес неке бұзу ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің қалауы бойынша жүзеге асырылады. Осы ретте мына мәселені назарда ұстауымыз керек.  Кодекстің 16-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әйелдің жүктілік кезінде, сондай-ақ бала бір жасқа толмай тұрып  некені ерлі-зайыптының келісімінсіз бұзу мүмкін емес.

Ажырасу екі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі – АХАЖ арқылы. АХАЖ-да кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ, ортақ мүлікке қатысты жауаптылығы жоқ ерлі-зайыптылардың некесі бұзылады. Екіншісі – сот арқылы.

Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болса; ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға келіспеген жағдайда; егер ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасудан қашса; егер ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік немесе өзге де талаптары бар болған кезде некені бұзу сот арқылы жүзеге асырылады.

Ажырасуға қатысты сауалдар сотқа жиі түседі. Солардың көпшілігі арызды қайда беретінін сұрап жатады.  Осы ретте неке бұзу туралы құжаттар сотқа жауапкердің тұрғылықты жері бойынша немесе, егер тұрғылықты жері белгісіз болса, оның мүлкінің орналасқан жері бойынша беріледі. Тағы бір ескерер жай, егер талапкер денсаулық жағдайы бойынша жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сот отырысына бара алмаса,  өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа талап арыз бере алады.

Сот арқылы некені бұзу ерлі-зайыптылар арыз берген күннен бастап бір ай өткен соң жүзеге асырылады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасуға келіспесе, сот оларға алты ай ішінде татуласу мерзімін белгілей отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер бұл шаралар тиімсіз болса, неке бұзылады.

Ержан Тоқтаров,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...