12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Неке келісімшартын жасау дауды азайтады

Неке шартын жасаудың маңыздылығы күннен күнге артып барады. Өйткені, соңғы жылдары елімізде ажырауға арыз жазушылар қатары көп. Неке бұзу бізде қалыпты жағдайға айналғанымен, неке шартын жасау, мәдениетті түрде, ортақ келісімге келе отырып ажырасу дағдысы әлі күнге қалыптаспаған. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 40, 41-баптарына сүйене отырып әрбір ерлі-зайыпты неке шартын жасауға құқылы. Ерлі-зайыптылардың көпшілігі мүлікті бөлу, алимент төлеу мәселесінде ортақ келісімге келмей, жанжалдасып жатады. Жанжалдан кейін екі тараптың бір-бірімен сыйластық сақтамайтыны, оның зардабы балаларға тиетіні белгілі. Шындығында некенің бұзылуынан ең бірінші балалар зиян шегеді.

Ал енді ажырасудың салдары ауыр болмау үшін не істеу керек? Неке бұзғанда ерлі-зайыптылар асықпай шешім қабылдап, барлық мәселені бірігіп, ақылдаса отырып шешкен жағдайда отбасы мүшелерінің сыйластығына сына түспейді.  Татулықты сақтаудың бір жолы – неке келісімшартын жасаумен тығыз байланысты.

Неке шарты некеге тұратын ерлі-зайыптылар арасында жасалады. Бұл шартта некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы екі тараптың мүліктік құқықтары мен міндеттері айқындалады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалып, оны нотариус куәландырылуы қажет. Бұл шартты ерлі-зайыптылардың өздері немесе олардың атынан адвокаттары немесе нотариус жасауына болады.

Неке келісімшартын жасауға жастар селқос қарайды. Әрине, ол ерікті шешім болғандықтан, неке шартын жасауға ешкім міндеттемейді.

Қазір сотта ажырасқаннан кейін ортақ мүлікті даулау жағдайлары жиі кездеседі. Ал құқықтық тұрғыдан алғанда ерлі-зайыптыларға мүлікті бөлісе алмау жағдайының алдын алу үшін немесе қандай да бір жолмен неке бұзылса, үй, көлік, техника мен әшекей заттар кімге және қандай үлесте тиесілі екенін нақты пайыздық көрсеткішпен анықтау үшін неке шартын жасау аса маңызды.

Ерлi-зайыптылар  осы шартта өз мүлкiне   бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режімiн белгiлеуге немесе оларды жекелеген мүлік түрлеріне қатысты үлестіруге құқылы. Шартта ескерілмеген мүлік жалпыға бірдей белгіленген заңды режимге сүйене отырып бөлінеді. 

Неке шартын некені тіркеуге өтініш берген күннен бастап, некені тіркеу рәсіміне дейін, сондай-ақ неке кезеңінің кез келген уақытында жасасуға болады. Яғни, ерлі-зайыптылардың неке шартын өзіне қолайлы кез келген уақытта жасауына мүмкіндік берілген. Тек шарт некені тіркеу рәсімінен кейін ғана күшіне енетінін ескерген жөн.

Т.Жұмамұратов,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...