12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Неке бұзу туралы дауларды қарау ерекшеліктері

2023 жылғы 27 наурыздағы № 216-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі – АПК) және өзге де заңдарға өзгерістер енгізілді.

           Жоғарыда келтірілген кодекске өзгерістер мен толықтырулар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді, ал АПК-нің нормаларына өзгерістер мен толықтырулар 2023 жылдың 01 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді.

           2023 жылдың 01 қыркүйегінен бастап кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын даулар арнайы кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған соттарда қаралады.

Егер өзгеріске дейін мамандандырылған соттарда 5-6 санаттағы істер қаралған болса (мысалға: баланың тұрғылықты жерін анықтау, баланың бөлек тұратын ата-анамен араласуын анықтау, ата-ана құқығынан шектеу немесе айыру, асырап алу, әкелікті анықтау және баланы бағып-күтуге арналған алименттер өндіру, т.б.), ал өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін қаралатын санаттағы істер саны едәуір артты.

Сондықтан аталмыш өзгерістер мен толықтырулар тек соттың жүктемесіне ғана әсер еткен жоқ, сонымен қатар қорғаншылық және қамқоршылық органының да жұмысын едәуір артып отыр.

Себебі, Кодекстің 22-бабының 1,2-бөліктеріне сәйкес некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы, ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау туралы келісімді соттың қарауына ұсына алады. Сот шешімінде ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейінгі тектері көрсетіледі.

          Егер ерлі-зайыптылар арасында осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша келісім болмаған жағдайда, сондай-ақ, осы келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталған жағдайда, сот:

          1) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұратындығын айқындауға;

          2) ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде балаларды күтіп бағуға алименттер төлейтінін айқындауға;

          3) кәмелетке толмаған балалардың және (немесе) ерлі-зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуге;

          4) жұбайынан ақша қаражатын алуға құқығы бар екінші жұбайдың талап етуі бойынша осы қаражат мөлшерін айқындауға;

          5) ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін анықтауға міндетті.

Демек, ерлі-зайыптылардың араларындағы некені бұзу туралы дауларды қарау барысында тараптар жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша келісімге келмеген жағдайда балаларға қатысты 1-2 тармақшаларда көрсетілген мәселелерді талап етілмесе де шешуге міндетті, ал 3-5 тармақшаларда көрсетілген мәселелерді ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша шешуге міндетті. 

Балаларға қатысты мәселелер бойынша келісім болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органның өкілінің қатысуымен және қорытындысын, бала он жастан асқан жағдайда баланың психолог маманың қатысуымен пікірін, психолог маманның қорытындысын, ерлі-зайыптылардың тұрымыстық-материалдық жағдайларын, мінез-құлықтарын және өзге де істі қарау барысында ескеруге қажетті мәселелерді ескере отырып қаралады.

Сонымен қатар, аталмыш дауларды қарау барысында қиындықтар да туындайды.

Мәселен, Кодекстің 22-бабының 2-бөлігінің 5)-тармақшасында неке бұзу туралы дауды қарау барысында сот ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін анықтауға міндетті.

Алайда, осы Кодекстің 73-бабына сай сотқа дейінгі тәртіп белгіленген, яғни ата-аналардың арасында баламен араласу мәселесі бойынша дау туындаған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органға жүгінеді, қорғаншылық және қамқоршылық органның шешімімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгіну тәртібі анықталған.

Сондықтан аталмыш істерді қарау барысында егер ерлі-зайыптылар арасында келісім болмаған жағдайда аталмыш тармақшаны орындау бойынша сұрақтар туындайды.

Менің ойымша сотқа дейінгі тәртіп сақталған жағдайда ғана сот аталмыш сұрақты қарауға міндетті.

Себебі, сот ерлі-зайыптылардың қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгінбеген жағдайда және жүгінуден бас тартқан жағдай да бұл сұрақ неке бұзу туралы даумен бірге қаралмауы тиіс.  

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.С.Оралбай

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...