Неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.
Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы (Кодексі) болып табылады. Осы Кодекс неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Отан отбасынан басталады демекші, отбасы-шағын мемлекет. Сол шағын мемлекет ішінде мәміле болса, оның кесірі ортақ Отанымызға тиеді. Ажырасу ерлі-зайыптылардың ғана жеке мәселесі емес. Оның әсері ортақ балалардың, қоғамның мәселесі. Ажырасудың салдары елімізде демографиялық жағдайдың нашарлауына, балаларына моральдық тұрғыдан ауыр тиеді, ерлі-зайыптылардың өздерінің эмоциялық күйзелісіне, толық емес отбасының пайда болуына, жалғызбасты адамдардың саныңы көбеюіне алып келеді.
Неке және отбасылық қатынастардан туындайтын даулар бірінші саты соттарында ең көп қаралатын азаматтық істерді құрайды.
Статистикалық мәліметтерге қарасақ, Шалқар аудандық сотында 2024 жылы 96 неке бұзу туралы талап қою тіркелсе, 2025 жылдың бірінші тоқсанында ғана 18 талап қою тіркелген.
Сотта істі қараған кезде, ажырату емес, татуластыру және заңды некені сақтап қалу шаралары кеңінен қолданылады. Өкінішке орай, неке құрылғанымен қатар, некені бұзу фактілері саны артуда.
Сондай ақ, сотқа неке бұзу талаппен жүгінген тараптар арасында, яғни некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылар арасында даулар туындайды. Мысалы, ортақ мүлікті бөлу, баламен кездесу уақытын белгілеу, баланың тұрғылықты жерін анықтау, балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеуге қатысты.
2023 жылғы 27 наурызында еліміздің бірқатар заңдарына өзгеріс еңгізіліп, осыған дейін азаматтық істердің қарауында болған бірқатар істер кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың құзыретіне берілді. Өзгеріс мақсаты отбасы мен балаларға қатысты даулар бір сотта шешуге бағытталған. Яғни, кәмелетке толмаған ортақ баласы болғанда, ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық даулар ювеналды сотта шешілуге жатады. Кәмелетке толмаған адамның заңды өкілінің өтінішхаты бойынша, баланың тұрғылықты жеріндегі сотта қаралуы мүмкін.
Дегенмен, түсіністік және отбасыға деген махаббат әр отбасының алтын діңгегі. Некені бұзуға асықпаған жөн.
Шалқар аудандық сотының бас маманы Ақмарал Нұрұдин