Неке бұзу

Неке-қоғамның негізгі әлеуметтік институттарының бірі. Алайда әрбір отбасында қарым-қатынас үнемі үйлесімді бола бермейді, сондықтан ажырасу қазіргі қоғамда жиі кездесетін құбылысқа айналды. Бұл процесс тек ерлі-зайыптылардың жеке өміріне ғана емес, сонымен бірге қоғамға, балалардың психологиясына және әлеуметтік құрылымға әсер етеді.

Ажырасуға алып келетін себептер әр түрлі болуы мүмкін, олардың кең таралғандары: тұрмыстық қиындықтар, өзара түсініспеушілік, эмоциялық қолдаудың болмауы, зорлық-зомбылық, құмар ойындар және басқа да жағымсыз әдеттер некенің тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексіне сәйкес ажырасу екі жолмен жүзеге асырылады: АХАТ бөлімінде (егер ортақ балалары болмаса) екі тараптың келісімімен және сот арқылы (ортақ кәмелетке толмаған балалары болса) мүлікке, алиментке немесе балаларды тәрбиелеуге қатысты даулар болса онда мәселе тек сот тәртібімен шешіледі.

Ажырасу балалар үшін эмоционалдық стресс туғызуы мүмкін яғни мінез-құлық өзгерістері, оқудағы қиындықтар, ата-аналардың біріне деген реніш сезімі. Сондықтан психологтар ажырсу кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлуді, ашық әңгімелесуді және ата-аналар арасындағы қақтығысты олардың көзінше көрсетпеуді ұсынады. Неке бұзу-жеңіл қабылданатың шешім емес. Ол жеке тұлғалардың, балалардың және қоғамның өміріне үлкен әсер етеді. Сондықтан мамандар жұптарға ажырасу туралы шешім қабылдамас бұрын өзара әңгімелесіп, психолог немесе медиатордың көмегіне жүгінуге кеңес береді.

 Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы С.Толесбаева

РОЛЬ СУДА ПО ДЕЛАМ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ В ЗАЩИТЕ ПРАВ ДЕТЕЙ

Защита прав и законных интересов несовершеннолетних является одной из...

Әке болуды даулау: құқықтық негізі мен сот тәжірибесіндегі маңызы

Отбасы институты – қоғамның негізгі тіректерінің бірі. Осыған байланысты...

AI-SANA: СТУДЕНТЫ КАЗАХСТАНА РАЗРАБОТАЛИ БОЛЕЕ 440 ИИ-ПРОЕКТОВ

AI-SANA: СТУДЕНТЫ КАЗАХСТАНА РАЗРАБОТАЛИ БОЛЕЕ 440 ИИ-ПРОЕКТОВ Одним из ключевых результатов...

Тимур Турлов: «Мы — нация технооптимистов и предпринимателей»

Провёл прекрасное воскресенье в Алматы по дороге из Японии...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі: құқықтық мәртебесі мен басымдылығы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің құқықтық мәртебесі,...