12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Негізгі сыйақының төлену тәртібі

Уақытша және банкроттық басқарушы ұғымы республикамыздың Оңалту және банкроттық туралы заңымен белгіленген. Осы заңға сәйкес, борышкер банкрот деп танылған, соған орай шығарылған сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап банкроттықты басқарушы тағайындалуы тиіс. Бірақ, оған дейін уақытша басқарушы тағайындалады. Бұдан кейін банкроттықты басқарушы тағайындалып, іске кіріседі. Уақытша және банкроттықты басқарушыларға қосымша және негізгі сыйақылар төленеді. Мақалада негізгі сыйақы  төлеу заңдылығы түсіндіріледі.

Негізгі сыйақы төлеу қағидалары аталған заңның 110-бабы 3-тармағына сәйкес жүргізіледі. Ел заңдарында өзгеше көзделмесе уақытша және банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақы борышкер немесе кредитор есебінен өтеледі. Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу, сондай-ақ, өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру тәртібі мен мөлшерін уәкілетті органмен айқындалады. Ал банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақы мөлшерін уәкілетті орган белгілеген шекте кредиторлар жиналысы шешеді. Тағы бір айтып өтерлігі, борышкер немесе кредитор негізгі сыйақыны уәкілетті орган белгілеген ең төменгі шектен жоғарылата алады.

 Салықтар мен кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш берсе уақытша басқарушының негізгі сыйақысы мына тәртіпте төленеді. Банкроттық рәсім жүргізу барысында Оңалту және банкроттық туралы заңның 110-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталған жағдайда осы баптың 3-тармағына сәйкес, уәкілетті орган белгілеген ең төменгі шекте, ал анықталмаса, ең төменгі мөлшерде борышкердің мүлкі есебінен жүзеге асырылады.

 Жоғарыда аталған заңның 84-бабының 1-тармағында белгіленген рәсім жүргізілу мерзімінен асып кетсе банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы азайтылады. Мысалы, банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі тоғыз айдан өтсе кредиторлар жиналысының шешіміменбелгіленген негізгі сыйақы мөлшерінің жетпіс бес, екі жылдан асса елу пайызы төленеді.   Арнайы банктік шотқа түскен қаржыны банкроттық рәсімді аяқтау туралы заңды күшіне енген сот ұйғарымының негізінде банкроттықты басқарушы алады. Бұдан соң ол үш жұмыс күні ішінде өтініш жазып арнайы шотты жабады.

Кредитордың өз есебінен банкроттықты басқарушыға сыйлықақы төлеу құқығы бар. Заңталаптары сақталған, сонымен қатар, сотта банкроттық басқарушының қорытынды есебі қаралған кезде кредитор уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақы төлеу туралы өтінішхатын  мәлімдейді.   Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны  кредитор өтінішхатта көрсетілген сомаларды төлеу жайлы нұсқаулық, сондай-ақ, соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы заңды күшіне енген ұйғарымымен жүзеге асырады.

 Уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны кредитор республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген, екі ай мерзімде міндеттерді орындау кезеңі үшін жалақының ең төменгімөлшерімен төлейді. Ал банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақыны үш айдан кешіктірмей банкроттық рәсім кезеңі үшін жалақының ең төменгі мөлшері шегінде береді.

 Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақы ҚР Оңалту және банкроттық туралы заңының 94-бабы 2) тармақшасына сәйкес, банкроттықты басқарушы мен кредиторлар комитеті арасында жасалған шарт негізінде банкроттықты басқарушының банк шотына аударылады. Уақытша басқарушының негізгі сыйақысын банкроттықты басқарушы оның банк шотына жібереді.   Уақытша басқарушы мен банкроттықты басқарушының өкілеттіктері осы заңмен бекітілген.

Толқын Далабаева,

Алматы қаласының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

МЕМЛЕКЕТ АЙБЫНЫ

ҚР Конституциясы – еліміздің негізгі заңы, жоғарғы заңдық күші...

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» атты дөңгелек үстел өтті

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және...

В Серебрянске прошёл круглый стол «Экорешения на будущее: энергия, тепло и природа»

В городе Серебрянске состоялся круглый стол на тему «Экорешения...

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және...

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...