Неге Құрбан айтқа орай демалыс күні болмайды? Министрлік түсіндірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған дейін шыққан 17 маусым демалыс күні болмайтыны туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Құрбан айт мерекесіне байланысты 2024 жылғы 17 маусымда қосымша демалыс күні болмайтынын хабарлады.

«ҚР Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады.

Еңбекмині жыл сайын өндірістік күнтізбені қалыптастырады, онда Қазақстан Республикасында алдағы жылға арналған мереке және демалыс күндері белгіленеді. 2024 жылға арналған өндірістік күнтізбені қалыптастыру кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылғы 17 қазанда ресми хат жолдаған болатын, онда 2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға түсетіні, бірақ жаңа айдың көрінуіне байланысты ауысуы мүмкін екендігі хабарланған. 2024 жылғы 7 маусымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні 16 маусымға келетінін хабарлаған. Бұл жексенбі демалыс күнімен тұспа-тұс келгендіктен, 17 маусымда қосымша демалыс болмайды», — делінген хабарламада.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс күндеріне түсетін мереке күндері ғана ауыстырылуға жататынын еске салды.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.