Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?

Жылда Қазақстанда Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда тойланатын еді. Сәйкесінше, бұл күндері қазақстандықтар үшін демалыс жарияланатын. Алайда биыл күнтізбеде демалыс күні ретінде тек 16 желтоқсан белгіленген. Неге? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. 

Бұдан екі жыл бұрын, 2022 жылы Нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның жаңа редакциясы жарияланған еді. Онда былай делінген: 

  1. Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталды. Сәйкесінше, бұл күні демалыс болмайды. 
  2. Тәуелсіздік күні «ұлттық мереке» деген мәртебесінен айырылып, ондағы демалыс күндері қысқарды.

Енді мереке тек бір күн — 16 желтоқсанда тойланады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады.

Неге былтыр қазақстандықтар 17 желтоқсанда демалды?

2023 жылы 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келді, сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс күні болған еді. 

31 желтоқсанда демаламыз ба? 

«Қазақстандағы мерекелер туралы» заңға сәйкес 1, 2 қаңтар мемлекеттік мереке саналады. Бұл күндер мереке және демалыс деп танылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пікірінше, 31 желтоқсанды ресми демалыс күндер тізіміне қосу орынсыз. Демек бұл күні қазақстандықтар жұмыс істейді. 

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Биыл 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні дүйсенбіге тұспа-тұс келеді.

  • 14 желтоқсан, сенбі: алты күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;
  • 15 желтоқсан, жексенбі: әдеттегі демалыс күні;
  • 16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні (барлығына демалыс).

Биыл 30 және 31 желтоқсан да жұмыс күндері. 

Мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады?

Қысқы каникул 2024 жылғы 30 желтоқсанда басталады және 2025 жылғы 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады. Толық күнтізбе мына материалда. 

Жаңа 2025 жылы қалай демаламыз?

2024 жыл аяқталуға жақын. 2025 жылы демалыс күндері ауыстырыла ма? Massaget.kz тілшісі материалында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.