ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік аймағында қарқынды жұмыс атқарылуда. Мәселен «Ас-кА» ЖШС-нің тігін цехы арнайы жұмысшы киімдері мен қолғаптарын тігеді. Ал дәнекердеушілер болса әртүрлі металл, пластик бұйымдарды балқытады, пісіреді, одан бір-біріне жалғайды. Тапсырыс толассыз кеп жатыр. Наубайханадағы үзіліссіз тірлікке тіпті сүйсінесің.
-Күніне 970 бөлке нан пісіреміз. Әр нанның өлшемі 575 грамнан аспауы керек. 4 адам ауысыммен жұмыс жасаймыз. Осылай біздің еңбекке араласып, ой-мақсатымызды жақсы бағытқа өзгертуге мүмкіндік жасап отқан сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің қызметкерлеріне ризашылығымды білдіргім келеді деді,-наубайшы сотталған.
Расымен сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері еңбекке жарамды жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуы үшін жан-жақты шаруалар атқарылуда. Түзеу мекемсінің ішінен өз кәсібін ашуға кәсіпкерлерді тартып, олармен келісім-шартқа отыру жүйелі түрде жолға қойылған.
ЗК-169/5 мекемесінің баспасөз қызметі