Назарбаев қоры елбасы туралы түсірілген фильмге 7 миллион доллар төлеген  – БАҚ

ҚР Тұңғыш Президентінің Елбасы қоры Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмге 7 миллион доллар төлеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі PROTENGE Telegram арнасына сілтеме жасап. 

«Елбасы қоры тұңғыш Президентіміз туралы фильм түсіру үшін 7 миллион доллар төледі. 2021 жылы жарыққа шыққан «Qazaq: Алтын адамның хикаясы» фильмін атышулы Оливер Стоун түсірген. Келісімшарт сомасын журналист Михаил Козачков жария етті», — делінген хабарламада.

Осы қаражатқа қатысты ауқымды зерттеу қаңтар айында жарияланғаны атап өтілді. Қордың қайырымдылықтан бөлек, миллиардтаған долларды құрайтын активтерді басқаратыны жеткізілді.

«Бұған дейін Қазақмыстың Назарбаевтың қаражатына 79,4 млрд теңгені аударғаны белгілі болған еді. Ал бұл көрсеткіш тек соңғы төрт жылда ғана. Қазақмыс 2018 жылдан 2020 жылға дейін қаражатты осы қорға аударып отырған. Алайда, 2021 жылы ол өз қызметін тоқтатқаннан кейін оның орнын басқа салымшылар басқан. Дегенмен бұл туралы ақпарат жасырылған», — делінген хабарламада.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...