Назарбаев алтын ескерткішке лайық — Балғынбек Имашев

Назарбаев астананы Ақмолаға ауыстырғаны үшін Сапармұрат Ниязовтың алтын ескерткіші сияқты мүсін орнатуға болады екен. Бұл туралы YouTube-тің Qasqa Jol каналына берген сұхбатында айтыскер Балғынбек Имашев айтты, деп жазады orda.kz.

Алайда ол Елбасы қайтыс болғаннан кейін де мұндай идеяны халық қолдамайтынын да мойындайды.

Имашев тұңғыш президенттің нөлден мемлекет құрғанына сенімді.

«Оның міндеті – қазақтарды жинау, өз валюталарын шығару, мемлекеттік шекараны белгілеу және сыртқы саясатты қалыптастыру болды», – деп қосты ол.

Оның пікірінше, Тоқаев Назарбаевтың саясатын жалғастыруда, бірақ Елбасы ендігі жерде араласпауы керек.

«Біз Тоқаевтың дәуірі басталды деп айтамыз. Бірақ ол қалыптасқан саясатты жалғастыратынын айтты. Ол жүйені өзгертемін деп айтпады. Осылайша, керуен өз жолын жалғастыруда. Әрине, жүйе өзгеруі керек. Көпшілік Елбасыға қарсы, бірақ оның бізге Алланың бұйрығымен келген құрметті ақсақал екенін мойындауымыз керек. Ол өз миссиясын орындады. Енді мен оның араласпағанын және жаңа биіктерді бағындыруымызға тек батасын бергенін қалаймын», – деп тіледі ақын.

Сонымен сөз соңында айтыскр ковидке қарсы екпені «тіпті әлемнің түкпір-түкпірінен келген 200 президент вакциналау да» салдырмайтынын айтты.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...