12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Наурызнама мерекесі — Алматы қаласындағы балалар колониясында аталып өтті

Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесіндегі жазалы жасөспірімдер арасында ерекше Наурыз мейрамы  аталып өтті. Наурызнама онкүндігі аясында мекеме аумағында мерекелік шаралар жүзеге асырылды. Мекеме ішіндегі мектеп ұстаздары оқушыларға Көрісу күні, Қайырымдылық күні және Ұлттық киімдер күні сияқты атаулы күндерді насихаттап, салт-дәстүрімізді ерекше дәріптеді. Слайдтар, әр түрлі көрнекті құралдар мен  материалдар арқылы ұлтымыздың қайта жаңғырып жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерімен мәліметер беріп, насихатталды.

Мекеме қызметкерлері және тәрбиеші мамандардың жетекшілігімен жазалы балалар Жаңару күнінде ағаштардың түбін қопсытып, айналаны тазалап, Ұлттық ойындар күнінде спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгінгі наурыз салтанатында Жамбыл атындағы қалалық жасөпірімдер кітапханасының қызметкерлері мен арнайы қонақ болып келген өнерпаздар жазалы жасөспірімдерге ән шашу және кітаптар көрмесі, ойындар арқылы ерекше көңіл күй сыйлады. Салтанатты мерекенің өз деңгейінде өтуіне атсалысқан Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлеріне мекеме бастығы әділет полковнигі Сулейменов Алмат Битимбекович алғыс білдірді.  Іс шара       соңында Жамбыл атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері жасөспірімдерге алғыс хаттар мен кітаптар сыйға тарту етті.

№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Приняты меры по результатам инспекции курортных зон: ряд должностных лиц привлечен к ответственности

В соответствии с поручением Главы государства по вопросам туристической...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

       Конституцияға 30 жыл 

Конституция- кез келген ұлттың іргелі қағидалары мен ережелерінің тұғыры,...

Медиация  тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі

Медиация дегеніміз – медиатор адамның жәрдемдесуімен, екі тарапты да...

Касациялық соттардың құрылуы мен олардың қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...